Кардиохирургтар трансплантталатын ағзаларды сақтауға арналған құрылғы жасауда
University Medical Center-дегі қазақстандық кардиохирургтар командасы организмнен тыс ағзаларды сақтау үшін бірегей құрылғы жасау үстінде. Бұл трансплантатттау нәтижелерін айтарлықтай жақсарта алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
UMC корпоративтік қорының мәліметінше, жоба шеңберінде мамандар соғып тұрған жүректі, сондай-ақ «тыныс алатын» өкпені және жұмыс істейтін бауырды сақтау үшін технологияларды әзірлеуде. Болашақта бүйректі сақтау әдісін кеңейту жоспарлануда. Ағзаны өміршең күйінде кем дегенде 24 сағат сақтауға болады.
Организмнен тыс жүрек қызметі 29 сағат бойы сақталуы мүмкін екендігі, кейін сәтті трансплантатталатыны ғылыми дәлелденген. Бүгінгі таңда тек бір құрылғы - Transmedics компаниясының американдық OCS жүйесі ағзалардың өміршеңдігін қауіпсіз және тиімді сақтауға мүмкіндік береді.
Біздің құрылғымыздың американдықтан басты айырмашылығы - бұл оқшауланған ағзаға ұзақ қолдауды білдіреді және американдық аналогтан айырмашылығы, біздің жүйеде ағзадан тыс тіршілік ету кезеңінде ағзаны емдеу көзделген және біз бұл ағзаны ультрадыбыстық, тамырішілік артериялық зерттеу арқылы емдей аламыз, бағалай аламыз, бұл жүректі нәрлендіреді және осылайша реципиенттің ағзаға ие болуын және трансплантаттаудан бас тарту немесе дисфункция қаупінің болмауын және ең бастысы қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді, — деді «University Medical Center» корпоративтік қорының «Кардиохирургия» клиникалық академиялық департаментінің директоры Тимур Лесбеков.