Өскеменнің іргесінде өркениеттен қол үзіп қалған ауыл бар
Қарағожа ауылы
Карагужиха ауылы Өскеменнен 90 шақырым жерде Алтай тауларының етегінде орналасқан. Қарағай, шырша сіресіп өскен ну орман. Кинодағыдай? Иә, тек хорор фильм сияқты. Ауыл тұрғындары зираттағы молалар санынан аз. 48 адам. 30 отбасы. Ауыл екенін білдіретін мектепте соңғы қоңырау осыдан 15 жыл бұрын соғылған. Бұрынғы зәулім білім ордасынан кірпіш те қалмаған. Шатыры шашылып жатыр.
Аңыз бен ақиқат
орманшы Владимир Яковенко әңгімесі
Ауыл атауының шығу тегіне байланысты аңыз көп ел арасында. Жергілікті орманшы ақсақал Владимир Яковенко:
– Менің оқып білуімше, ерте заманда бұл ауылдың негізін қазақ сұлтаны қалаған, – дейді.
Ауыл әуелде сұлтан есімімен «Қарақожа» атанса керек. Сол Қожа батырдың қолға үйреткен 3 бірдей қара аюы бар деседі. Батыр есіміне «қара» сөзінің жалғануы – қара аюларды ұстағанына байланысты деген де болжам бар. Қалай болғанда да, осынау ауылдың жұртында бабамыз қаққан бір қазық бар екені анық.
Жергілікті тұрғындардың тілімен бұрмаланып «Карагужиха» атанып кеткен бұл елді мекен – соғыстан кейінгі жылдары тасы өрге домалаған орманшы ауыл еді. «Жылына 80 мың куб ағаш дайындайтынбыз», деп еске алады орманшы қарт. Қазіргі уақытта ағаш кубы орта есеппен 8-9 мың теңге десек, бұл 650 миллион теңгегеға таяу қаражат. Сол жылдары орман шаруашылығының басшысы Анатолий Павловский болған. Мал шаруашылығының да өрісі кеңейген шақ-ты. Көк тас қолда тұрғанда, ауыл ахуалы да тың еді. 9 жылдық мектеп Нина Гусьеваның басшылығымен жұмыс істеген. Екі бөлмелі кітапхана мен екі қабатты, 25 адамдық аурухана болғанын да еске алады тұрғындар. Жеті дәрігерден құралған ауруханада үлкенді-кішілі оталар жасалған көрінеді. Жағдайы ауыр науқастар үшін арнайы тікұшақ та қонатын болған дәуренді жылдарда. Бұдан өзге қоғамдық көлік аптасына үш рет қатынады. «Кешкілік фильм тамашалауға мәдениет үйіне асығатын едік», деп жан жықпылындағы ескі сырды ақтарады қатары сиреген ауыл қарттары.

Білте шамның жарығымен ота жасаған
90-жылдардағы тоқырау тұтас елді тұралатты десек, Карағожаны тіптен есеңгіретіп тастады. Ауылдың тірегі болған орман, мал шаруашылықтары күрт тоқтады. Тіршілік оты электр шамдарымен бірге сөнді. Шаруашылықтар жұмысының тоқтауы жұмыссыздыққа әкеліп соқты, әлбетте. Нан іздеген тұрғындар бөденедей бет-бетімен бытырады. Ғасыр тоғысында мектеп төрт сыныпқа дейін қысқарып, жарықсыз қалған аурухананың өзі жарымжан күйге түседі. Қиын-қыстау сол шақтағы ерекше бір жайтты Наталя Теплова әңгіме еткен еді.
– Ойда жоқта соқырішек болып ауырдым. Ауылдың жас маманы шұғыл ота жасау керектігін айтты. Жарықтан әлдеқашан күдер үзгенбіз. Солайша отаны білте шамның жарығымен жасауға тура келді. Абырой болғанда, ота сәтті өтті, – дейді сексенге таяған кейуана.
Құлдырауға дейін тұрғындар саны 800-ге дейін жеткен болса, бұл күнде 30 отбасы ғана қоныс басып отыр. Қол ұстасып Қиыр Шығыстан Америкаға дейін көшіп кеткен тұрғындар да бар көрінеді. Байырғы жұрт әлеуетінің айтарлықтай жақсы болғаны осыдан көрінетіндей.
– Ауыл тірлігі көз алдымызда құлдырап бара жатты. Қолдан келер қайран не?! Болашақ балаларда, жастарда ғой. Соларды оқыту – басты міндет еді. Ал оған ешқандай мүмкіндік болмады, – дейді сол дүрбелең жылдары ауыл әкімі болған Мария Ананьева.

Қарағожаның жеті жоғы
Бастапқы тоғыз жылдықтан төрт сыныпқа қысқарып, соңында төрт баланы оқытқан мектеп жұмысы бұл күнде сап тыйылып тұр. Қазіргі уақытта қара шаңырақ ортасына түсіп жатқанын көрдік. Алыстан келсең, алдыңнан асыр салып шығар бүлдіршін жоқ. Бұл ауылда бесік жыры айтылмағалы қашан?! Мұны бір деп қойыңыз.
Екіншіден бұл ауылда пошта жоқ. Бас-аяғы 30 тұрғынның дені – зейнеттегі қарттар мен орманшылар. Анау-мынау көліктің қатынауы мұң болған ауылдың қарттары зейнетақыны қалай алады дейсіз ғой? Ол игі істі Агапкин дейтін азамат өз мойнына алған. Қолындағы сенімхатымен округ орталығынан зейнетақыларды жинап алып, жолай дүкенге соғады. Өз қаражатына молынан азық-түлік сатып келеді. Өйткені Қарағожада дүкен жоқ. Ауылға жетісімен Агапкин тауарларын алдымен өзінің үйіндегі дүкеншесіне жайғастырады. Зейнетақыларын иелеріне табыстаған соң, дүкеншесіне қайтып келеді де, сол жерде тұрақты тұтынушыларын күтеді. Әр заттың бағасына Агапкиннің аттаған қадамының құны қосылатынын айтпаса да біліп отырған боларсыз.

"Снегириха" шахтасы ашылғанда, Қарағожа ауылының үміті қылаң берді. Бірақ сол үміт медпунктпен қоса жанып кеткендей.
2007 жылы ауылдан бері 18 шақырым жерде «Снегериха» шахтасы жұмыс істеуіне байланысты Қарағожаға жарық тартылған еді. Көңілі қарайған жұрт сол кезде бір серпілсе керек. Бұрынғы мектептің бір бөлмесінен ашылған шағын медпункт те сол тұста әупіріммен жұмыс істей бастайды. Дегенмен, ауыл тіршілігіне біткен желбуаз шыр ұзақ тұрмады. Аяқасты медпункт өртеніп кетті. Төртінші жоқтың төркіні осында жатыр.
Қарағожаның қараңғы күні қашан ағарады деп округ әкіміне хабарласқан едік. Ол кісінің сөзімен айтсақ, халық қайғысыз өмір сүріп жатқан сыңайлы.
– Тұрғындар денсаулығы ауданнан арнайы жіберілген маманның қарауында. Дәрігеріміз осы күнде сол жерде тұрып науқастарға медициналық жәрдем көрсетеді. Электр энергиясы үшін қаржы бөлінді. Тек жол мәселесі жолға қойылмай отыр. Бюджет бөлінбеді. Қыс мезгілінде жол тұрақты тазартылады. Қазіргі уақытта онда ұялы байланыс бар. Әлдеқашан байланыс мұнарасы қойылған, – дейді округ әкімі Сергей Сомов.

Бұрынғы мектептен қалғаны осы
Сергейдің бар сөзіне сену қиын. Карағожаның ит ырғақтап жолсызымен жеткен соң, ұялыңызды алып, дос-жаранға орта ғасырға тап болғаныңызды хабарлаймын деп ойламай-ақ қойыңыз. Ұялы байланыс атымен жоқ мұнда! Оны өз көзімізбен көрдік. Аудан немесе округ тарапынан ауылдың бүгін-ертеңіне байланысты қандай да бір игілікті жоба әлі қолға алына қоймапты.
Сондай-ақ, мәдениет үйі мен кітапхана да мектеппен бірге есігін тарс жауып, «жоқтардың» қатарына қосылды.
Қарағожа тұрғыны Ольга Алаева сөзімізге айғақ.
– Иә, жолдың қандай екенін көрген шығарсыздар. Қыстың күні осыған да зар болып қаламыз. Жаз мезгілінде қара жолдың шаңын аспанға шығарып ауылдың қақ ортасынан ағаш тиеген «камаздар» өтеді. Олардың негізі айналма жолдары бар. Жоқ, неге екенін қайдам, онысыз да қалт-құлт етіп отырған ауылды шаңға көміп өтеді. Ал қыста осылардың арқасында жол күрелетін шығар деп үмітіміз желге ұшады тағы. Сап тиылады көліктер. Сосын Карагужиханың кімге керегі бар, – деп бастаған отанасы өзге сөзге қонақ бермеді тіпті. – Шахта жұмысы тоқтағалы жарық жоқ. Айлап, жылдап жарықсыз отырамыз. Жаңа жылды да қараңғы үйде қарсы алдық. Ол уақытта азық-түлікке жету қиындап кетеді, әлбетте. Бізде «Патриот» маркалы көлік бар. Соның өзімен 40 шақырымдық округ орталығына жол күрелмегендіктен бір күнде зорға барып-келеміз. Көлігі жоқтардың жағдайын ойлай беріңіз.
Жасыл энергетика деп жалпақ жұртқа жар салып, «ЭКСПО-2017» көрмесін өткіздік. Ал облыс орталығынан сағаттық жерде соның бір тамшысына жарымай отырған ауылдың тіршілігі ойландырмай қоймады. Қарағожа – әсте біреудің қолына қарайтын ауыл емес. Өз байлығы өзінен асады. Соны игеретін икемді қол болса. Түрлендірсе, туризм де туын тігетін жер. Қалай болғанда да, күн санап күні батып бара жатқан ауылды алып қалатын бір жолдың болуы керек қой.

Эпилог
...Қапыда қаперден тыс қалған қайран Қарағожа ауылы. Әйтпегенде осынау тұмса табиғат ару Алтайдың жауһар моншағы ғой. Жұмбақ ауыл. Жаһанға сырын ашпаған жақа сұлулық! Ел көрсе, білсе ғой!