Жаңалықтар

Канвон-2024 Олимпиадасының бойтұмары Астанаға жеткізілді

Канвон-2024 Олимпиадасының бойтұмары Астанаға жеткізілді
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі 10.01.2024 06:35 908

Олимпиадаға дайындық жөніндегі штабтың жұмысы жалғасып жатыр. Канвондағы Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада қарсаңында штаб кеңсесінде Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Ик кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Корея Республикасының Елшісі Қазақстанмен туризм және спорт саласында өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделі екендігін жеткізді.

Кездесу барысында екі елдің өкілдері Ойындарды талқылап, осы жарыстан, қазақстандық спортшылардан қандай нәтиже күтетініне қатысты ой бөлісті. Жиын соңында Корея Республикасының Елшісі Жасөспірімдер Олимпиадасының бойтұмарын сыйлап, Қазақстан спортшыларына алдағы байрақты бәсекеде сәттілік тіледі.

Канвондағы Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасының бойтұмары біздің штаб кеңсесінде өз орнын тауып, алдағы төрт жылдықтың басты бәсекесіне қатысатын қыз-жігіттерімізге сәттілік алып келеді деген сенімдеміз, - деді Ермек Маржықпаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға