«Канело» Лас-Вегаста Головкинмен өтетін үшінші айқастың маңызды екенін айтты
15.09.2022 16:27
Фото:
24.kz
Екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес осы демалыста Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкинмен үшінші айқастың маңызды екенін айтты, деп хабарлайды El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біздің барлық жекпе-жегіміздің ішіндегі ең маңыздысы осы үшінші айқас деп ойлаймын. Головкин бұл айқасқа өзінің соңғы жекпе-жегі болуы мүмкін деген оймен қарайды. Бұл оны барынша қауіптірек етіп тұр. Бірақ, мен де қауіптімін, рингте барымды саламын. Жалпы, барлық айқасыма осылай қараймын, бұл жолы да солай. Бұл жекпе-жек мен үшін өзіндік маңызға ие, сондықтан оған бұрынғыдан да артық күш жұмсаймын. Мен 100% дайынмын. Бірінші раундтан бастап мерзімінен бұрын аяқтауға тырысамын», - деді «Канело» БАҚ-қа берген сұхбатында.
Айта кетейік, 18 қыркүйек күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегі өтеді.
Қазақстанда Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші айқас Qazsport телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған. Бокс кешінің трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 5:00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де болады.
Қазақстанда Головкин мен «Канело» арасындағы үшінші айқас Qazsport телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған. Бокс кешінің трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 5:00-де басталады. Басты шешуші айқас шамамен сағат 8:00-де болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

