Қандастар Ассамблея

Илон Масктың жобасында жұмыс істейтін қазақ қызы

07.09.2020 443
Жанна Ықылас туралы не білеміз?

Әлемге аты мәшһүр америкалық кәсіпкер және өнертапқыш Илон Маск 2013 жылы жылдамдығы жоғары Hyperloop вакуумды пойызының жобасын ұсынғанын жақсы білеміз.

Қазіргі таңда бұл жоба жан-жақты әзірленіп, түрлі тексерістен өту үстінде. Десек те, бұл жобаның маңызын арттыру және Hyperloop концепциясы бойынша прототипін құрастыру мақсатында Илон Маск негізін қалаған SpaceX компаниясының АҚШ-тың Калифорния штатындағы базасында студенттік командалар арасында жыл сайын байқау ұйымдастырылады.


Аталған байқауға қатысу мүмкіндігін иеленген, Hyperloop вакуумды пойыз құрастырумен айналысатын студенттік команда сапында отандасымыз Жанна Ықылас та бар.

Жанна қазіргі таңда Флорида университетінің студенті. Отыз адамнан құралған студенттік команданың ішінде жалғыз қыз инженер болып қызмет етіп жүрген небары 20 жастағы Жаннамен арнайы сұхбаттасқан едік.

- Флорида университетінде оқи жүріп, аз уақыттың ішінде вакуумды пойыз құрас­ты­румен айналысатын Gatorloop студенттік команда са­пына қалай қабылдандыңыз?

– Америкаға оқуға келген соң, мұнда сабаққа және кітапханаға барумен шектелгім келген жоқ. Сонымен қатар практика жағынан да жетілуді көздедім. Қолымда студенттермен алмасуға негізделген виза болғандықтан, маған жұмыс істеуге рұқсат жоқ. Сөйтіп, инженериялық жобаларға қатысы бар студенттік ұйымды іздедім.

Бір күні біздің факультет ұйымдастырған көр­меге келсем, мұнда түрлі студенттік ұйымдар, соның ішінде қазір құрамында мен жұмыс істейтін Gatorloop командасы да болды. Сөйтіп, бұл команданың баннерінде «Біздің қатысушыларымыз SpaceX, Tesla секілді компанияларда тағылымдамадан өтеді» дегенді к­ріп, оларға жақындап, команданың тыныс-тіршілігі туралы сұрадым. Осылайша, олар бірер күннен кейін өтетін өздерінің бірінші жиналысы­на қатысуға шақырды.


Бұл жиналысқа қатысқан соң, мұндағы жауапты мамандар командаға тіркелу­дің жолын түсіндіріп, алдағы уа­қытта командаға қай жағымнан пай­дам тиетінін қарастыратынын айтты.

Негізі, мұндай командаға екінің бірі қабылдана бермейді. Десек те, команданың аяқ алысына ү­гере алмай, орта жолда шығып қалғандар да баршылық.

Ұқсас материалдар