Қандастар Ассамблея

Джакартадағы қазақ ғалымы: Қазақстан әлем қазақтарын магнитше тартып тұрады

03.09.2020 277

Шетелдегі қа­зақтардың Қазақ­стан десе бүйрегі бұрып, елге елеңдеп отыратыны рас. Олардың арасында атажұртқа арнайы ат басын бұрып, ізінше көшіп келуге ықы­лас танытып жүргендері баршылық. Ал Қазақстанға тіпті табаны тимей, сыртынан тілекші болып жүргендер қаншама.


Сондай қандасымыздың бірі – Құрмет Қаукен. Қытай еліне қарасты Баркөл ауданында туып-өскен ол қазіргі таңда Индонезия астанасы Джакартада Индо­не­зиядағы Sinarmas Бүкіләлемдік академиясындағы жаратылыстану ғы­лымдары бөлімінің жетекшісі.

Робототехника бойынша сан мың­даған шәкірттің шеберлігін шыңдап, мұнымен қоса, бүкіләлемдік олимпиадаларға қазылық етіп, әйгілі Кэмбридж, Оксфорд университеттеріндегі емтихандық комиссияның мүшесі қызметін атқарған.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында балаларының Қазақстанның қолдауымен қол жеткізген жетістіктерін кейін қайтадан өз Отанына қайтаратынына үмітпен қарайтынын жазыпты.  Ол оның өз балаларын болашақта Қазақстандағы технологияның даму көшіне ілестіруді көздейтінін білдіреді. 

"Қарға тамырлы қа­зақпыз. Ұлтым қазақ бола тұра, мұндай ойды есепке алмаймын десем ағаттық болар. Болашақта балаларым үлкен маман иесі атанып, Қазақстанның ілгерілеуіне үлес қосамын десе, құба-құп. Оның үстіне екеуі де Қазақстан жайлы көп біледі", - дейді Құрмет Қаукен. 

"Павлодардағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығы жұмысқа шақырған болатын. Ол уақытта балаларым кішкентай, бас тартуға тура келді. Сосын өткен жылы тамыз айында Алтайға жақын орналасқан Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығымен онлайн режимде сұхбаттастым. Өзіме жұмыс реті келгенімен, балаларыма шарт-жағдайы, оқу тәртібі қолайсыз болды. Сөйтіп, амал нешік, тағы да бас тарттым. Десек те, директорға «1-2 жылдан соң, міндетті түрде барып жұмыс істеймін» деп уәдемді бердім", дейді Құрмет елге қайтып оралу туралы өз ойымен бөлісіп.

Ұқсас материалдар