Қандастар Ассамблея

АҚШ-тың Әскери академиясына оқуға түскен Мақсат

04.09.2020 4288
Ол бокс бәсекелерінде бақ сынап жүр

Биылғы жылы ақпан айында АҚШ-тың Колорадо штатында АҚШ-тың Әскери-әуе күштері академиясының бокстан ашық турнирі өтті. Жарысқа осы Академияның студенті, қазақстандық Мақсат Омар да қатысты. 63 келі салмақта сынға түскен Мақсат "Wing Open-2020" чемпионы атағына үміткер атанды.


Мақсат 1998 жылы 21 тамызда Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол балалық шағынан спортты серек етіп келеді, әсіресе, бокспен әуестенеді. Мақсат қазақ-түрік орта мектебін үздік бітірген. Осылайша ол Қазақстанның Құрлық әскерлерінің әскери институтына түседі. Жоғары оқу орнында да Мақсат сабақты жақсы оқып, әскери дайындықтан жоғары нәтижелер көрсетеді. Осыған қоса ол бос уақытнда ерікті болып қоғамға көмек көрсетуді де ұмытпаған. Еліміздің Әскери институтында қол жеткізген жетістіктерінің арқасында Мақсат Қазақстан атынан АҚШ-тың Әскери-әуе академиясына (USAFA) 4 жыл білім алу үшін таңдалып алынады.

Мақсат Омар USAFA-ға 2 жыл бұрын түсті. Ол басқа да курсанттар сияқты кадеттердің 6 апталық базалық аса қиын дайындығынан өтті. Ол Академияға келгенге дейін де спорттың көп түрімен айналысты, ал USAFA оның боксқа деген құштарлығын дамытуға мүмкіндік берді. Биыл Мақсат өзінің алғашқы бокстан ашық чемпионатына қатысты. Онда ол ЖОО-лар арасындағы жарыста USAFA командасы үшін бірнеше жеңіске қол жеткізіп те үлгерді. Бұл өткен чемпионат үлкен жеңістердің бастамасы деп сенеміз.⁣⁣

Болашақта Мақсат Қазақстанның әскери-әуе немесе құрлық әскерлерінде қызмет етуді жоспарлап отыр.