Қандастар Ассамблея

Қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевқа арнау

18.02.2021 141

Өзгелерден бітімі бөлек, тұғыры биік ақиық ақын Мұқағали Мақатаев ХХ ғасырда қазақ поэзиясына серпіліс берген. Ол саналы ғұмырын шығармашылыққа арнап, соны дүниелерді өмірге әкелді. 

Тума талантымен, сырға толы мөлдір жырларымен жұртшылық жүрегіне жол тапты. Биыл ұлы ақынның туғанына 90 жыл толды. Уақыт өткен сайын ақиық ақынның өлеңдері жасарып, жаңарып түрленіп келеді. Менің де поэзия әлеміне қадам басып, қолыма қалам алуыма ақын атамыздың отты өлеңдері арқау болды. Ақынның атаулы мерейтойына өзімнің арнау жырымды оқырман қауымға ұсынамын. Ұлыларды ұлықтау, насихаттау жолын жалғау әрбір адамның азаматтық борышы болуы тиіс деп білемін.


Мұқағали Мақатаевқа

Бүгінде тоқсан жасқа толған аға,

Еске алды есіміңді барлық бала.

Еңбегің бағаланды ел аузында

Қалдырдың мұра қылып өлең дара.

 

Әр таңды атыратын жырлар жазып,

Жеткізіп жүрекке елдің сырлар нәзік.

Ешқашан санамыздан ұмытылмас,

Әдеби алтын сөзі тұнған азық.

 

Мың тоғыз жүз отыз бір, ақпанында,

Дүниеге ақын келді ақ таңында.

Жыр алыбы атанған асыл тұлға

Қырық бесте кетті ажал қақпанында.

Жадыра Төремұратова,

Өзбекстан Республикасы Науаи облысы

Ұшқұдық ауданы Жүзқұдық ауылындағы

№2 жалпы орта білім беретін мектептің

10-сынып оқушысы

 


Ұқсас материалдар