Қандастар Ассамблея

Үздік студент блогы: таныс болыңыздар - Құралай Болатбек

16.09.2020 248

Атажұртқа арман қуып келіп, білім алып жатқан жастарымызды сіздермен таныстыру мақсатында «Үздік студент» блогын жүргізуді бастадық. Осы орайда алғашқы белсенді де талапты студент Болатбек Құралаймен таныс болыңыздар.


Қазіргі таңда Құралай Қазақстандағы беделді оқу ордасы - Еуразия Ұлттық университетінде білім алуда. Бос уақытында кітап оқып, қоғамдық іс-шараларға қатысқанды жақсы көреді.

«Студенттік сәт адамның өміріндегі ең ұмытылмас орын алатын кезі болуы керек. Сондықтан да кейінгі 40 жылымның негізі болған осы 4 жылымда білім нәрімен сұсындап ғана қоймай, жан-жақты өзімді дамытқым келеді. Осы үшін өзіме қәжетті деп оқу ордамның журналистикаға байланысты ұйымдарына мүше ретінде ат салысамын. Оған қоса халықаралық Медиа курсын меңгердім. «Жас қазақ» халықаралық клубының мүшесі бола тұра, өзім сияқты қандастарыма көмек қолын созып, олардың дамуына үлес қосқым келеді», - дейді Құралай.