Қытай қазақтары туралы кино жүлдеге ие болды

22.09.2020 61

Қытайдың XV Чаңчұн бүкіл мемлкеттік кинофестивалінің жеңімпаздарының есімі жарияланды, деп жазады Қытайдың «Орталық халық радиосы». Аталған БАҚ-тың дерегінше, кинофестивальге қатысқан «Дәуір ағысында» атты картинада бас рөлді сомдаған Қайрат Ғалымұлы Қытайдың «Ең үздік ер адам рөлі» сыйлығын еншілеген.

«Бұл «Дәуір ағысында» атты фильмді Шынжаң ұйғұр автономиялы өлкесі Үгіт бөлімі, Шынжаң ақпарат баспасөз-радио-телевизия мекемесі мен Шынжаң Тянь-Шань киностудиясы бірлесіп түсірген. Фильмде Қытай қазақтарының реформа дәуіріне сәйкестеліп, заманға сай даму өзгерісі, көшпенді тұрмыстан біртіндеп отырақты өмірге бет алуы, жаңа дәуірдегі тұрмыс-тіршілігі бейнеленген», деп жазады Қытайда шығатын БАҚ. Чаңчұн бүкіл мемлкеттік кинофестивалі 1992 жылдан бері жылына екі рет өткізіліп келеді. Өткен 28 жыл ішінде аталмыш кинофестиваль қытай фильмдерін ілгерілету жолындағы таптырмас маңызды платформалардың біріне айналды. Айтпақшы, биыл алғаш рет фестивальға халықаралық көрсетілімдер секциясы қосылды. Онда 40-тан астам шетел фильмдері көрермендер назарына ұсынылды.

Дереккөз: inform.kz