Қандастар Ассамблея

«Отандастар қоры» ЖОО-лардағы Дайындық бөлімдерінің басшыларымен кездесу өткізді

15.01.2021 269

«Отандастар қоры» КеАҚ-тың ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарындағы Дайындық бөлімдерінің басшыларымен кездесу өтті. Іс-шараға «Отандастар қоры» атынан Жобалар координаторы Дидар Болат, Білім және қазақ тілі бағытының жауапты маманы Нұрымжан Жұмағазиев, менеджер Алжан  Шарипов және Жоғары оқу орындарындағы Дайындық бөлімдерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде Қандас талапкерлерге арналған онлайн ҰБТ байқау сынағын өткізу механизмдері, сондай-ақ «Отандастар қорының» Қазақстанға келіп білім алушы қандас студенттермен жыл бойы ұйымдастыратын кездесулерінің күн тәртібі талқыланды. Жиын барысында бөлім басшылырының барлық ұсыныстары тыңдалып, биылғы оқу жылын нәтижелі аяқтау жөнінде маңызды ойлар айтылды.

Жиынға қатысушылардың қолдауымен биылғы оқу жылында өтетін Ұлттық біріңғай тестілеудің дайындығы ретінде «Онлайн байқау сынағын» 2021 жылғы 24 ақпанда ұйымдастуға келісілді. Осы орайда толық тізім мен қатысушылардың тізімі жинақталып, Ұлттық тестілеу орталығына жолданады.

Сонымен қатар іс-шара аясында көбінің «онлайн» режимге әлі де үйренісе алмай келе жатқаны айтылып, құжаттарын онлайн тапсырып оқып жатқан студенттердің шәкіртақысын қолдарына беру мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ кездесуде оқуға немесе тестілеуге қатысуға құжат тапсырғанда талапкердің өз елінде жүріп жеке құжаттарын аудару және оны нотариалды растау мәселесін шешу, шетелдегі қандас талапкерлердің қашықтан ЖСН алуына жағдай жасау жөнінде мәселелер көтерілді.