«Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтеді

24.10.2020 118

2020 жылғы 27 қазанда сағат 16:00-де «Отандастар қоры» КеАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның отырысы өтеді.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, комиссия төрағасы Мұрат Бақтиярұлы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, сондай-ақ Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері және т. б. қатысады.

Жиын барысында талқыланатын мәселелер:

- Ақмола облысы «Нұрлы көш» (Красный Яр) ауылындағы қандастарға салынған үйлердің заңдастыру мәселесі (баяндамашы – Ақмола облысы әкімінің орынбасары);

- Қазақстан бойынша облыстарда, оның ішінде елді мекендерде ауыл шаруашылық мақсатында қолдануға жарамды, бос жер телімдері және оларды ерікті қоныс аударушы қандастарға берілу мүмкіндіктері (баяндамашы – ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы);

- Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында Солтүстік өңірлердегі қандастарға қатысты ұзақ мерзімді тұрақты көші-қон саясатын жандандыру мүмкіндіктері (баяндамашы – «Асар» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы»);

- Солтүстік Қазақстан облысының шетелдерден қоныс аударушы қандастарды үй жайлармен қамтамасыз ету және бейімделуіне жәрдемдесу бағытында атқарып жатқан іс-шаралар (баяндамашы – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары).

Қоғамдық комиссияның қорытындысы бойынша шетелдегі отандастарды және Қазақстанға ерікті түрде қоныс аударған қандастарды қолдау  шаралары бойынша ұсыныстар беріледі, сондай-ақ қандастар мәселелері бойынша басқа да өзекті мәселелер талқыланады.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Қазақстан астанасында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаев Қазақстанды қоғамдық жаңғырту аясында шетелдегі отандастар мен тарихи Отанына оралған қандастарды қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берген еді.

Өтетін уақыты: 27 қазан, 2020 жыл. Сағат 15:00-де.

Өтетін жері: Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1, 4 қабат, №406 Мәжіліс залы.

Қосымша ақпарат үшін: +7-775-375-85-92 (Аян), +7-7014703033 (Мұхтар).