Ұлан-Батыр мен Алматы арасында жаңа рейс ашылды

29.09.2020 126

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Жалғас Әділбаев Моңғолия Үкіметінің Атқарушы агенттігі – Азаматтық авиация бас басқармасы және «Хунну эйр» әуе компаниясының басшылығымен бірге аталған компанияның «Ұлан-Батыр - Алматы» бағытындағы әуе қатынасын ашуға арналған баспасөз конференциясына қатысты.

Ж.Әділбаев өз сөзінде Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолияның астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтап, 2019 ж. 10 қазанда Қазақстанның астанасында өткізілген ҚР Премьер-министрі А.Мамин мен Моңғолияның Премьер-министрі У.Хурэлсухтың арасындағы келіссөздерде қол жеткізілген осы бағыттағы әуе қатынасын ашу жөніндегі уағдаластықтың толыққанды орындалғанын атап өтті.

Аталған жаңа әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, туристік салалардағы байланыстардың қарқынды дамуына мүмкіндік беретіні айтылды.

«Ұлан-Батыр - Алматы» бағытындағы «Хунну эйр» әуе компаниясының ұшағы жергілікті уақыт 13:00 сағатта Моңғолияның астанасынан ұшты.

Ұқсас материалдар