Биыл 6 мыңнан астам адамға қандас мәртебесі берілді

22.09.2020 52

2020 жылдың басынан 6,3 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. 

1991 жылдан бері 1 миллионнан астам этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, олардың бәрі оралман мәртебесін алған болатын.  Бұл еліміздегі халықтың 6 пайызын құрайды. 2020 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша республикамызға 3245 отбасы яғни 6361 этникалық қазақ көшіп келген. Оның ішінде 2 224 адамды құрайтын 631 отбасы Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарына орналасқан.  Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 13 мамырында Мемлекет басшысы көші-қон процестерін жетілдіру туралы заңға қол қойды. Заңға жаңа норма ретінде «қандас» түсінігі енгізілді. Оған сәйкес, этникалық қазақтың бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмағандығы басты өлшем болып саналады. Атажұртына оралған қандастарымыздың тұрақты тұруға рұқсат алу үшін де, Қазақстан азаматтығын алу үшін де құжаттарды бір уақытта ұсыну құқығы болады.