Қандастар мәселесіне қатысты онлайн-кездесу өтті

22.09.2020 83

«Отандастар қоры» мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Қандастар арасында қордаланған өзекті мәселеллердің шешілу жолдары» тақырыбында онлайн видеоконференция ұйымдастырды.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасы орынбасары Еркін Үйсембаев, ҚР Сыртқы Істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің басқарма басшысы Мұхтар Кәрібай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрлігінің Көші-қон процестерін мониторингілеу басқармасының басшысы Дастан Айткулов, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің Азаматтық, иммиграция және эмиграция басқармасының басшысы Гани Шымырбаев, ҚР Цифрлік даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету комитетінің бас сарапшысы Азат Сатыбалды, сондай-ақ «Отандастар қорының» Фронт-кеңсе өкілдері мен қандастар қатысты.

Онлайн жиын барысында елге келген қандастар тап болатын мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары айтылды. Кездесуге қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, сұрақтар қойып, тиісті мамандар тікелей кеңес алды.