Қандастарға арналған «Қазағым-ай» атты онлайн концерті

23.09.2020 181

«Ұлы дала елінен» жобасы аясында «Халық қазынасы» мемлекеттік өнер ұжымы шетелдегі қандастарға арналған «Қазағым-ай» атты онлайн концерт ұсынады.


Қазақ диаспорасына рухани қолдау көрсету және шетелдегі қандастармен байланысты нығайту мақсатында өтетін концертті Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, «Отандастар қоры» КЕАҚ және «Қазақконцерт» ұйымы бірлесіп ұйымдастыруда. Бұл жоба 2019 жылдан бері ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді.

27 қыркүйек күні сағат 21.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) тікелей эфирде өтетін онлайн концертте дәстүрлі ән-күй өнерінің белгілі саңлақтары өнер көрсетеді. Онлайн концерт «Отандастар қоры» КЕАҚ Otandastar channel YouTube арнасында көрсетіліп, баршаға қолжетімді болмақ.

Тікелей эфирде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Ерболат Шалдыбеков, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова және халықаралық байқаулардың лауреаттары Асқар Мұқият, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс өнер көрсетеді. Әртістер көпшілік сүйіп тыңдайтын ұлттық музыкалық туындылар мен жаңа музыкалық композицияларды орындайды.