Қандастар Ассамблея

Алматыда "Ұлы даланың ұлы есімдері" және "Қожаберген батыр" ғылыми зерттеу кітаптарының таныстырылымы өтті

01.02.2021 356

Бүгін Алматы қаласы №4 кітапханада Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының "Ұлы даланың ұлы есімдері" атты ғылыми жинағы, сонымен қатар осы институттың ғалымдары Сайын Борбасов, Ахмет Тоқтабай, жазушы Жәди Шәкенұлы қатарлы авторлардың "Қожаберген батыр" атты ғылыми зерттеу кітабының тұсауы кесіліп, ғылыми ортаға таныстырылды.

Іс-шараны Тарих және этнология институты директоры тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов жүргізді. Тұсау кесерге екі ғылыми кітаптың авторлары мен ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары қатысыты.

"Ұлы даланың, ұлы есімдері" атты ғылыми кітапқа сонау Түркі дәуірінен бастап, осы заманға дейінгі Ұлы 100 тұлға туралы ғылыми мақалалар енді.

Қазақ хандығы заманындағы ұлы тұлғалар қатарына тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженханұлының 2017 жылы мәнжі-қытай мұрағат құжаттары негізінде жазылған "Қожаберген батыр" атты ғылыми зерттеу кітабымен осы бүгін тұсауы кесілген Ресей және Цин империясының тарихи архив құжаттарымен қатар ел аузындағы танымдық этнографиялық әңгімелерді деректану тұрғысынан саралап зерттеген "Қожаберген батыр" кітабы негізінде Қожаберген батыр есіміде енді.

Іс-шара соңында Жәди Шәкенұлы қазақ руханиятына үлес қосып, демеушілік  қамқорлық көрсетіп жүрген кәсіпкер, меценат "Қожаберген батыр" қоғамдық қорының президенті Мерей Сләмұлына, "Тұғырыл хан - Оң хан" корпоративтік қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Асылхан Игібаевтің шешімімен аталған қордың "Нар тұлға" атты орденімен марапаттады.

Аталған іс-шараны ұйымдастырған Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты басшылары мен кітап авторларына шараны өткізген Алматы қаласы,  №4 кітапхана ұжымы мен меңгерушісі С. К. Иманбаеваға, ғалым жазушыларға жәнеде осы шараларды ұйымдастырып, "Қожаберген батыр" атты екі бірдей ғылыми зерттеу кітаптың (2017, 2020 жж.) идея авторы және демеушісі "Қожаберген батыр" қоғамдық қорының президенті Мерей Сләмұлы ағамызбен әркез қомақты қаржысымен демеушілік жасап жүрген Оразбек Базарбайұлы бауырымызға алғысымызды айтамыз.

Айта кетейік, іс-шара карантин шектеулеріне сай өтіп, қатысушы адам саны шектеулі болды.

Ұқсас материалдар