Қандастар Ассамблея

«Абай» қазақ мәдени-іскерлік үйі аясында «Отандастар күні» өтті

26.11.2020 138

2020 жылғы қарашаның 24 мен 29 аралығында РФ Омбы қаласында «Омбы қазақтары» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен Қазақ мәдениеті апталығы (Online/Offline) өтті. Кең ауқымды бағдарламаға негізделген іс-шара Омбы қаласында, «Россия. Моя история» тарихи саябағында ұйымдастырылды. Аталған жобаға белсене атсалысқан «Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаменті ұжымы 26 қараша күні  «Абай» қазақ мәдени-іскерлік үйі жобасы аясында «Отандастар күні» атты ауқымды шара өткізді.

«Омбы қазақтары» Омбы аймақтық қоғамдық ұйымымен және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ-мен бірлесе өткізген мәдени іс-шара «ZOOM» платформада онлайн форматта жүзеге асырылып, бірнеше басым бағыттар қамтылды.

Іс-шараға «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ Орталық аппаратының кеңесшісі Қарлығаш Хожамұрат, «Отандастар қоры» КеАҚ бас менеджері Серік Абдуалиев, сондай-ақ Омбы тарапынан белсенді өкілдер қатысты.

Отандастар күніне ұйымдастырылған іс-шаралар:

- Халық ұлттық аспаптарда өнер көрсету концерті (домбра, қобыз және жетіген): Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі жанырдың танымал орындаушысы Сәуле Жанпейісованың домбырада өнер көрсетуі; «Қылқобыз үйрену» сабағын өнертану ғылымдарының магистрі, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушы Гүлжан Мұстахимның қобызда өнер көрсетуі; «Жетіген зерттеу» академиясының президенті, өнер магистрі Венера Табыстың жетігенде өнер көрсетуі;

- «Айкуне» қазақ емдік-сауықтыру гимнастикасы бойынша Назерке жетекшілігімен гимнастика сабағы;

- қазақ ұлттық өнер университетінің «Домбыра» кафедрасының жетекші оқытушысы Тапенов Дәулет Тұрсынханұлының жетекшілігімен домбырада үйрену сабағы;

- халықтық-қолданбалы өнері бойынша мастер-класс: ұлттық өрнек түрлері, матаға өрнектерді көшіріп басу және құрақ қүрауда оны пайдалану әдісі. Жүргізуші - тігін өндірісі саласында 26 жылдық тәжірибесі бар дизайнер-модельер, этно-дизайнер, Еуразиялық Дизайнерлер одағының «Құрметті дизайнері», «Дәстүр» ұлттық сыйлығының иегері, Ұлттық дизайн академиясының академигі, «Құрметті дизайнер» төс белгісінің иегері, «Hazifa шеберлік мектебі» оқу орталығының директоры Мұхаметқали Қазипа Қалиқызы;

- «Жас қазақ» Дүниежүзілік жастар ұйымының жобаларымен таныстыру;

- «Қазақтың ұлттық құндылықтары - Ұлы дала бренді» жобасы аясында "Ас-Арқау" компаниясының директоры, салауатты өмір салты жобасының жетекшісі ЭКО бренд Өнерхан Сансызбайдың қазақтың ұлттық тағамдары (бауырсақ, бешбармақ, қымыз) тақырыбында әңгімелесу;

- Қазақ тағамдары: бауырсақ, бешбармақ, қымыз. «Дастархан» ЖШҚ тұсаукесері;

- Омбы шеберлерінің шеберлік сабағы.

Ұқсас материалдар