Қандастар Ассамблея

«Қазақстан - әлем балаларының көзімен» тақырыбындағы халықаралық шығармашылық сурет байқауының қорытындысы жарияланды

14.12.2020 377

14 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ және Мұғалім-суретшілерінің Халықаралық Одағы, Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар  көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының қолдауымен «Отандастар қоры» КеАҚ жүзеге асырған «Қазақстан - әлем балаларының көзімен» тақырыбындағы халықаралық шығармашылық сурет байқауының қорытындысы жасалып, қазылар алқасымен нәтижесі түзіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Іс-шараға «Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-президенті Мағауия Сарбасов, «Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы» РҚБ орталық аппаратының кеңесшісі Қарлығаш Хожамұрат, Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы Нұр-Сұлтан қ. директоры Гүлзия Исенова, ҚР Мұғалім-суретшілер Одағының атқарушы директоры Алия Утепова, Монументалист-суретші, ҚР суретшілер одағының мүшесі Аманат Назарқұлов қатысты.

Ауқымды байақуға алыс-жақын 15 шет елдегі этникалық қазақтар және өзге ұлт өкілдерінің ұл-қыздары мен елге оралған қандас-мектеп оқушылары тарапынан ұзынсаны 259 үміткер тіркелді, олар өз суреттерін мына елдерден жолдады: Өзбекстан, Иран, Ресей, Беларусь, Норвегия, Испания, Ұлыбритания, Грузия, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Украина, Қытай, Португалия, Канада және Қазақстан.

Барлық қабылданған жұмыстар қазылар алқасымен әділ бағаланып, байқаудың жүлделі орындары 4 номинация бойынша белгіленіп, толыққанды нәтижесі шығарылды.

Байқауға жұмыстарын жолдаған барлық балаларға қатысқаны үшін сертификат және барлық жеңімпаздарға диплом, Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің маусымдық лагеріне тегін жолдама және 10 жеңімпазға мастер-класқа қатысу үшін сертификаттар табысталды. Одан басқа жүлделі орындарына қарай басқа да сыйлықтар беріледі.

Байқау қатысушыларының жұмыстары жас ерекшеліктеріне қарай 2 топ бойынша қабылданып, келесі тізім бойынша жеңімпаздар анықталды:

I-ТОП 
7-12 жас

Гран-при
Ортиков Сетжан Алдабергенович 12 жас Өзбектан Республикасы, Науайы уәлияты, Кенимех ауданы - сурет атауы «Асығың алшы түссін, Қазақстан!»
(ҚР Мемлекеттік жастар Дарын сыйлығының иегері, суретші Әбіш Жаннеттің төл туындысы - сурет жиынтығы сыйға беріледі)

1    орын:

1)    Солтанов Нурралиф Архалыкович 11 жас Алтай Республикасы, Кош-Ағаш ауылы;
2)    Советов Жанибек Асхатович 10 жас Украина, Харьков қаласы;
3)    Хамзина Диана Кайратовна 11 жас Ресей Федерациясы, Свердлов облысы, Белоярск ауданы, Косулино ауылы.

(«Ою өрнек әлемі» кітабы, сурет жиынтығы табысталады)

2    орын:

1)    Жапаров Ясар Ринатович 7-12 жас аралығы ҚР Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы;
2)    София Стоматова 10 жас Ұлыбритания, Лондон қаласы;
3)    Хайдарқызы Лейла 10 жас ҚР Нұр-Сұлтан қаласы – сурет атауы Айлы жарқын аспан.
(«Әлемді аялаған сөз» кітабы, сурет жиынтығы табысталады)

3    орын:
1)    Симбаева Карина 11 жас Ресей Федерациясы, Самара қаласы – сурет атауы «Казакская космодружба»;
2)    Жасуланова Анель 12 жас ҚР Қостанай қаласы – сурет атауы «Любимый праздник Наурыз»;
3)    Сырғатай Нұрасыл 12 жас Португалия, Лиссабон қаласы – сурет атауы «Ер баланы атқа мінгізу салт-дәстүрі»
    («Еркетай» кітабы, сурет жиынтығы табысталады)

II-ТОП
13-18 жас

Гран-при:
Шандарль Касиет Керімқызы 14 жас Ұлыбритания, Лондон қаласы – сурет атауы Алматы қаласы
 («Қазақ халқының салт-дәстүрі» кітабы табысталады)

1 орын:
1)    Ақжол Бектасұлы 15 жас ҚР Нұр-Сұлтан қаласы,  Шортанды ауданы (Монғолиядан);
2)    Малчибаева Жания Калыбековна 13 жас Қырғыз Республикасы - сурет атауы «Қазақстан жүрегі – Бәйтерек»
3)    Құрбанқұлов Данай-Бату 16 жас Өзбекстан Республикасы – сурет атауы «Алтыбақан»
( «Ою өрнек әлемі» кітабы, холст табысталады)


2    орын:
1)    Арызұ Қазақ Хәмид 18 жас Иран, Горган қаласы –  сурет атауы «Дәстүрлі әдет-ғұрыптар»
2)    Бегімбекова Айғаным Батырқызы 14 жас Украина, Киев қаласы;
3)    Ақылбекова Қымбат Қадырбековна 15 жас Өзбекстан Республикасы, Науайы облысы, Зарафшан қаласы – сурет атауы Қазақстанның салт-дәстүрі.
(«Әлемді аялаған сөз» кітабы табысталады)

3    орын:
1)    Жакеева Сабина Алимбаевна 12 жас Өзбекстан Республикасы;
2)    Кимия Ескелді 15 жас Иран, Горган қаласы – сурет атауы «Қазақтардың дәстүрлі өмірі»;
3)    Шаймерденова Амина 14 жас Ресей Федерациясы, Түмен қаласы.
( «Еркетай» кітабы табы табысталады)

«Ең кішкентай суретші» - номинациясы бойынша
1)    Хадыс Алина 6 жас ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы (Қытайдан);
2)    Хаслум Ільяс 6 жас Норвегия, Осло қаласы.
( «Еркетай» кітабы табы табысталады)

«Ең ерекше сурет» - номинациясы бойынша

1)    Жанбыргалиева Хаят Дауреновна 9 жас ҚР, Нұр-Сұлтан қаласы;
2)    Ипатова Илона 10 жас Грузия;
3)    Пономаренко Милана 15 жас Испания, Мадрид қаласы;
4)    Джамбулатова Таснин  15 жас Канада азаматы, Қазақстанда тұрады;
5)    Қасен Айнар 16 жас Қытай, Шәуешек қаласы;
6)    Айназ Қазақ 17 жас Иран Горган қаласы – «Қазақстанның болашағы».
( «Еркетай» кітабы табы табысталады)

«Кәсіби деңгейдегі сурет» - номинациясы бойынша

1)    Филипенко Камила 12 жас Белорусь, Минск қаласы;
2)    Амангельді Аружан Азаматқызы 15 жас ҚР Атырау қаласы;
3)    Абдыбекова Айяулым Айыповна 9 жас Қырғыз Республикасы;
4)    Айтуаров Мейіржан 15 жас Өзбекстан Республикасы;
5)    Джумабекова Карина Кайратовна 14 жас Ресей Федерациясы, Соль-Илецк қаласы;
6)    Армита Ашабақ 17 жас Иран Горган.
(«Әлемді аялаған сөз» кітабы табысталады)
«Қазылар алқасы» - номинациясы бойынша
1)    Жұмабекова Бекзат Ғабитқызы 15 жас Өзбекстан Республикасы;
2)    Жандаев Рамазан  Толеужанович 15 жас Ресей Федерациясы, Омбы облысы, Есілкөл ауданы, Қасқат ауылы; 
3)    Ишмухаметова Камила 15 жас ҚР Қостанай қаласы;
4)    Қапол Жаная Ерланқызы 7 жас ҚР Нұр-Сұлтан қаласы;
5)    Қарақұлов Қайралы 9 жас ҚР Нұр-Сұлтан қаласындағы қолдау орталығында (Өзбекстаннан);
6)    Алмас Аруана 12 жас ҚР Нұр-Сұлтан қаласы;
7)    Булекбаев Бауржан Орумканович 10 жас Қырғыз Республикасы.
(«Әлемді аялаған сөз» кітабы табысталады)