ҚР азаматтығын рәсімдеу талаптары қандай?
Этникалық қазақтар қандас мәртебесінің негізінде ҚР азаматтығына 3 ай мерзімінде жеңілдетілген тәртіппен қабылдана алады.
Жаднама:
ҚР ІІМ көші-қон қызметі бөлімшелеріне мына құжаттарды өткізу қажет:
- ҚР азаматтығын қабылдау себебін көрсетіп, Облыстық Полиция департаментінің бастығы атына жеке өтініш.
- Бұрынғы мемлекетінің Президентінің атына азаматтығынан бас тарту туралы өтініш (нотариуспен бекітілген)
- Сауалнама-өтініш
- Фотосурет 3,5*4,5 2шт
- Толық өмірбаян
- Міндеттеме
- Төлқұжаттың көшірмесі (нотариуспен бекітілген)
- Туу туралы куәлік көшірмесі (нотариуспен бекітілген)
- Ыхтияр хат және қандас куәлігінің көшірмесі
- Неке қию куәлігінің және 16 жасқа толмаған балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері (нотариуспен бекітілген)
- Жасы 14-18 дейінгі кәмелетке толмаған баланың ҚР Құзырлы органына нотариалды куәландырылған жеке келісім-өтініші қажет.
Ұқсас материалдар
Cоңғы материалдар