Қандастар Ассамблея

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін қандай құжаттар керек?

26.01.2021 544

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін қандай құжаттар керек? Толығырақ біздің жаднамада. 

Жаднама:

                         

Сізге ҚР ІІМ көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгіну қажет.

Мерзімі: 60 күнтізбелік күн

Қажетті құжаттар тізімі:

- Қандас куәлігі /көшірмесі/

- ҚР тұрақты тұру үшін толтырылатын Өтініш-Сауалнама

- Төлқұжат көшірмесі (нотаруиспен бекітілген)

- 16 жасқа толмаған балаларының туу туралы куәлігі

- Шетелден ҚР тұрақты тұру үшін рұқсаты шығу парағы немесе басқа да тұрақты тұруына рұқсат берілетін анықтама /босқындар мен ҚХР азаматтарынан басқа/

- Сотталмағаны туралы растайтын құжат (ҚХР азаматтарына қажеті жоқ)

- ҚР ата-анасымен тұрақты тұруға, бірге келген 14-18 жас аралығындағы балалардың келісімі /нотариуспен бекітілген/

- Тұрақты тіркеуге тұру үшін үй иесінің өтініш-келісімі /нотариуспен бекітілген/

- Пәтер иесінің жеке куәлігі /көшірмесі/

- Медициналық анықтамалар /Наркологиялық, Психоневрологиялық, Туберкулез, тері венерологиялық диспансерінен және ЖИТС /СПИД/ орталығы

- Фото-сурет 3,5*4,5 (1 дана)

- Азаматтығы жоқ тұлға деп арызданушы, келген шетелдің азаматтығында жоқ екендігі, немесе тоқтатылғандығы туралы растайтын анықтама.

Ұқсас материалдар