Қандастар Ассамблея

Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының 2020 жылғы жұмысы

18.01.2021 554

«Отандастар қоры» КеАҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан жүктеліп отырған міндеттерді орындау мақсатында қандастарды қолдау және ақпараттық кеңес беру жұмысын жалғастырып келеді.

Қандастарымыз өз мәселесі бойынша еліміздің 10 аймағында орналасқан Фронт-кеңселерге жүгіне алады. Сондай-ақ әлемдегі және еліміздегі кез келген қандасымыз өз мәселесі бойынша Байланыс орталығының 1404 (дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00) тегін нөміріне хабарласа алады. 

                   

2020 жылы пандемияға байланысты қиын жағдайға қарамастан, ақпараттық қолдау орталығы бір жыл ішінде 5065 адамға көмек көрсете алды. Атап айтқанда, ел өңірлеріндегі Фронт-кеңселерінің көмегіне жүгінген азаматтардың саны 3740 құрады, оның ішінде 1103 адам 1404 нөмірі бойынша Байланыс орталығы арқылы, тағы 222 адам түрлі әлеуметтік желілер және басқа да коммуникация құралдары арқылы көмек алды.

Орталыққа 2020 жылы ең көп хабарласқан Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Ресей және т.б. елдер болды. Негізгі сұрақтар Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, ҚР аумағында жұмыс істеуге және тұрақты тұруға рұқсат алуға, сондай-ақ білім беру гранттары мен тұрғын үй беру мәселелерін шешуге қатысты болды. 2020 жылы "Отандастар қоры" мен Шымкент қаласының және тағы 8 облыстың әкімдіктері арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, бұл Қоғамның жергілікті билік органдарымен тығыз қарым-қатынас арқылы жұмысты жеделдетуге мүмкіндік береді. 

Елбасының «Біз біргеміз» акциясы аясында Фронт-кеңсе мамандары 1 591 отандастар мен 263 отбасына әлеуметтік көмек көрсетті.