Қандастар Ассамблея

Қандастардың Қазақстанда білім алу мүмкіндіктері

18.01.2021 261

Дайындық бөлімі

2011 жылы Білім және ғы­лым министрлігінің №554 бұйрығымен университеттерде этникалық қазақ жастарын жо­ғары оқуға түсіруге даярлайтын ар­найы дайындық бөлімдері фа­культет болып құрылды.

Оқу мерзімі: қазан-мамыр аралығы

Құжат қабылдау уықыты: 5 тамыздан 5 қыркүйекке дейін.

Құжат тапсыру ережесі «Онлайн» форматқа ауыстырылды. https://enic-kazakhstan.kz/ сайтында толық жарияланады.

Емтихан қазақ тілі және математика пәндерінен тапсырылады.

Шектік бал қарастырылмаған, жалпы ұпай саны 40 (талапкерлер 40 балдан төмен қарай толық грант игерілгенше қабылдана береді).

Тыңдаушылар дайындық бөлімін аяқтағаннан кейін Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысады. (ҰБТ тапсыру форматын өзгерту жұмыстары жүруде)


ҰБТ тапсыру уақыты: 20 маусым мен 5 шілде аралығы

Тестілеу 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде алынады.

Тест тапсырмаларының саны – 120.

Ең жоғары балл – 140.

«Отандастар қоры» КеАҚ ұсынысымен биылғы жылы шекараның ар жағында қалған қандастар үшін алғашқы рет ҰБТ «онлайн» форматта өткізілді.

Талапкерге қойылған басты талаптар: тестке қатысушы өзінің бір реттік құпия сөзімен платформаға кіріп тестті тапсырады. Талапкердің мониторы бақылауда болады және тест тапсыру уақыты толық көрсетілген бөлек видеоға түсіріп, тест жауаптарымен бірге жібереді. Толық ақпарат № 2 қосымшада.

Жалпы Республикалық гранттың 4 пайызыдық квотасы қандастарға беріледі.

ҰБТ ға қатысып шектік бал жинамаған жағдайда тыңдаушылар 3 міндетті пәннің балын сақтай отыра шығармашылық емтихан тапсыруға құқылы.

Шығармашылық бағыттар: өнер, сызу, денешынықтыру, журналистика.

Шығармашылықтан жинаған балын міндетті 3 пәннің балына қосып гранттық конкурсқа қатыса алады.

ЖООға түсу мүмкіндігі болмаған жағдайда қандастарымыз колледждерге құжат тапсыра алады.

Жалпы Республикалық гранттың 4 пайызыдық квотасы қандастарға беріледі.

Колледждерге түсу үшін құжаттарды қабылдау 20 маусымнан бастап 25 тамызға дейін.

Емтихан екі міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және 2 бейінді пән тапсырады.

«Абай Құнанбайұлы» гранты.

Шетелдік талапкерлерге Назарбаев Университеті арнайы «Абай Құнанбаев» грантын ұсынды. 

Ол іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен және Қабылдау Комиссиясымен оқуға қабылдауға ұсынылған талапкерлерге беріледі және оқу төлемін, медициналық сақтандыруды және айлық шәкіртақыны өтейді. 

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) ұсынылған шетелдік үміткерлер де «Абай Құнанбаев» грантына қарастырылады.

Ұқсас материалдар