Қандастар Ассамблея

ТМД елдерінің ең үздік жас ғалымдары мен педагогтары анықталды

23.12.2021 487

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің 30 жылдығына орай Халықаралық жас ғалымдар қауымдастығы мен «Бөбек» ұлтаралық қозғалысының ұйымдастырумен «Білім саласындағы үздіктер-2021», III Халықаралық кітап басылымы, ТМД жас ғалымдарының ғылымы мен жеке жетістіктерін танымал етуге бағытталған бірегей жоба қорытындыланды.

    

Бұл жобаға халықаралық ынтымақтастық және ғылымды одан әрі интеграциялау аясында Беларусь, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен әр түрлі саладағы жас ғалымдар мен талапты жастар қатысты.

Аталған байқауға Өзбекстан Республикасы Науайы облысы Үшқұдық ауданы №9 мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Балжан Рзахметова мен №2 мектептің информатика пәні оқытушысы Сарвар Қосимов өз жұмыстарын ұсынды.

Балжан Рзахметова I дәрежелі диплом, «Үздік педагог - 2021» атағымен және Сарвар Қосимов II дәрежелі диплом, «Үздік педагог - 2021» наградалық төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар №9 мектеп директоры Роза Жүсіпбекова мен №2 мектеп директоры Мерген Төрешовке «Алғыс хат» берілді.

Ұстаз – келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні – мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ. Ауданымыздан жас, талантты ұстаздардың осындай марапатқа ие болғаны әрине еңбектерінің арқасы. Оқытушыларымызды осындай еңбегі сіңген марапатпен шын жүректен ауданымыз атынан құттықтаймыз, білім беру жолында биік шыңдарға шыға берулеріне тілектестік білдіреміз!

Райхан ҚАДІРОВА,

«Үшқұдық» газеті редакторы.

Ұқсас материалдар