Қандастар Ассамблея

Таныс болыңыз: Жанат Сабит

30.11.2020 168

«Отандастар қоры» дүниежүзінің әр еліне тарыдай шашырап, кейін атажұртты аңсап Қазақстанға көшіп келген қандастарымыз туралы арнайы «Таныс болыңыз» жобасын бастаған еді. Сол жобаның жалғасы ретінде таныс болыңыздар – Жанат Сабит.

Жанат Сабит 1985 жылы 26 тамызда Моңғолия Республикасы, Ховда аймағында дүниеге келді.

Қазақстан Республикасына 2003 жылы қоныс аударды. Ұлты қазақ. Үйленген, екі баласы бар. Білімі жоғары. Мамандығы металлург.

2019 жылдан осы күнге дейін «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ «Отандастар қоры» КеАҚ Павлодар облыстық Фронт-кеңсесінің сарапшысы қызметін атқарып келеді.

Павлодар облыстық Фронт-кеңсесінің сарапшысы ретінде алыс жақын шет елдерден Атамекеніне қоныс аударған қандастарымызды ҚР-да уақытша тіркелуінен бастап ЖСН алу, тұрақты тіркеуге тұру, оралмандардың өңірлік квотасына ену, ҚР азаматтығын алуына дейін бағыт-бағдар беріп, барынша көмектеседі. 2020 жылдың басынан Павлодар облысының Фронт-кеңсесіне 800 жуық қандас жүгінді.