Қандастар Ассамблея

Таныс болыңыз: Райыс Арипжанұлы

24.09.2020 184

1962 жылдың 17 мамырында ҚХР, ШҰАР, Құлжа қаласының Сулы Алматы қыстағында дүниеге келген. 1981 ҚХР, ШҰАР Үрімжі қаласындағы Шыңжаң Университетіне оқуға түсіп, 1986 жылы бітірген. 1986-1991 жылдары Қытай Ғылым Акедемиясының Шыңжаң филиалы химия ғылымдар институтында кіші ғылыми қызметкер болып қызмет атқарған. 

1991 жылы атамекенге оралған. Химия ғылымдарының кандидаты. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі-Ғылым Акемиясынының үздік жас ғалым сыйлығын алған. 

1999 жылы жаным елім деген мағана беретін «Жанел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, Еңбекшіқазақ ауданы, Нұрлы ауылында «Нұрлы-Арасан» атты сумен ем жүргізетін сауықтыру орталығын ашқан. Мұнан басқа егін-мал шаруашылығымен, бау-бақша өсірумен айналысады. Жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі 2002,2009,2011 және 2014 жылдары белсенді қоғамдық қызметтері үшін әкімшілік және марапаттарға ие болған. Отбасында 4 бала тәрбиелеп өсіріп отыр. 

Райыс Әріпжанұлы Алматы облысы, оның ішінде Еңбекші қазақ ауданына көшіп келген қандастардың ортаға бейімделуіне, құжаттану барысына заңдық кеңестер береді. Түрлі құжаттық кедергілерге ұшыраған азаматтарға көмектесіп, құжаттануын алуына түрткі болады. ҚХР-дан қандастарды шақырып, Алматы облысына қоныстануына, олардың жұмыспен қамтылуына өз үлесін қосты. Өзі де бірнеше азаматты жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ отбасында қиыншылығы бар жергілікті және шетелден оралған қандастарға әлеуметтік көмектер көрсетеді. Азаматтарды ұйымдастырып, қайырлымдылық шаралармен айналысады. 

Аудан, облыс көлеміндегі ұйымдастырылған түрлі қайырымдық шараларға белсене қатысады. «Балалар үйіндегі» балаларды, медресе түлектерін «Нұрлы-Арасан» сауықтыру орталығында жылына бір рет тегін демалтады. Нұрлы ауылдық мектебі ұйымдастыратын «Мектепке жол» бағдарламасына қатысып жыл сайын 7-8 мектеп оқушысын мектеп формасымен қамтамасыз етеді. Аудан көлемінде жетім-жесірлерге тұрақты түрде көмектесіп тұрады. 

Еңбекшіқазақ ауданы Май ауылындағы «Қызай Ана» мешіті құрлысыны шығындарын өзі көтерген. Бұдан басқа Шелек ауылында әр жылы дәстүрлі түрде өткізілетін наурыз мерекесіне белсене қатысады. Осындай ұлттық – дәстүрлік өткізілетін мәдени шараларда кигіз үй тігіп, дастархан жаяды. Кәсіпті нәсіп етіп, мұқтаж жандарға қол үшін созған абзал азамат.