Қандастар Ассамблея

Таныс болыңыз: Қыдырбек Қиысханұлы

24.09.2020 193

«Отандастар қоры» дүниежүзінің әр еліне тарыдай шашырап, кейін атажұртты аңсап Қазақстанға көшіп келген қандастарымыз туралы арнайы «Таныс болайық» жобасын бастаған еді. Сол жобаның жалғасы ретінде таныс болыңыздар – Қостанай қаласында тұратын журналист, термеші, қобызшы Қыдырбек Қиысханұлы. 

Ол 1981 жылы 10 наурызда Моңғолияның Бай-Өлке аймағында дүниеге келген. 1991 жылы отбасымен бірге Атамекенге көшіп келді. Тұрақтаған жері – Қостанай облысы Қамысты ауданының Қарабатыр ауылы. Қарабатыр орта мектебінің түлегі. 

Қостанай әлеуметтік Академиясының тарих және жағырапия мамандығын тәмамдаған. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының магистатурасын бітірген. Тарих магистрі. Облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі.

Қыдырбек Қиысханұлы облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысының 3 дүркін жеңімпазы, республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері. Облыстық, республикалық, халықаралық жыршы-термешілер байқауларының лауреаты. Халықаралық «Мен қазақпын» мегажобасының Қостанай облысы бойынша іріктеу сайысының жеңімпазы – «Үздік аймақтық әнші» номинациясы иегері. 

Халық әндері мен халық композиторларының әндерін, жырау, би-шешендердің сөз-жауһарларын насихаттаушы. Қостанай облыстық Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері. Қостанай облысы әкімі сыйлығының иегері. 

«Таныс болайық» жобасы аясында Қазақстанға келген басқа да қандастарымыз туралы ақпарат беріледі. Сондықтан жобаны көріп, өз пікіріңізбен бөлісе отырыңыздар.