Өркенің өсе берсін – Феруза!
Жуырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, академик, тарихшы, ғалым Манаш Қозыбаевтың туғанына 90 жыл мерейтойына орай «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті КеАҚ «Foundation» факультеті «Тәуелсіздік – аманаты бабамның» атты халықаралық поэзия оқу бейне сайысын өткізді. Сайысқа Қытай, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия елдерінен 40-тан аса қатысушы қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша ауданымыздың мақтанышы, №9 Жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Ферузабану Ибодова жүлделі I орынды иеледі. Ферузаға Манаш Қозыбаев энциклопедиясы мен бірге қаржылай сыйлық табысталды.
- «Бұл поэзиялық сайысты өткізудегі мақсат біздің шығармашылық белсенділігімізді арттыру, қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгеруге, қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүріне деген қызығушылықты ояту», - дейді Ферузабану Ибодова.
Ферузаны бүгінгі жеңісімен шын жүректен құттықтап, бұл сайыс тек бастамасы болсын дейміз. Өркенің өсе берсін – Феруза! Болашағың жарқын болсын!
Райхан ҚАДІРОВА,
«Үшқұдық» газеті редакторы.
Ұқсас материалдар
Cоңғы материалдар