Қандастар Ассамблея

«Отандастар Қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтті

15.03.2021 181

«Отандастар Қоры» КЕАҚ жанындағы Қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтті.Іс-шараға Қоғамдық комиссияның төрағасы, ҚР Парламенті Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы М.Бақтиярұлы, ҚР Мәжілісінің депутаты, ақын, журналист Қ.Иса, ҚР Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Батырхан Құрмансейіт, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының м. а. Ғ. Шойкин, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және басқалар қатысты.


Комиссияның негізгі мақсаты шетелдегі қазақтармен өзара іс-қимыл және елге келген қандастарды қолдау мәселелері бойынша ұлттық деңгейде қоғамдық мүдделерді білдіру болып табылады.

Жиын барысында шетелдік қазақтардың ұлттық қатыстылығын анықтау, шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қолдау және қазақстандық телебағдарламаларды шетелде тарату мәселелері талқыланды.

Қоғамдық комиссияның қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде құзырлы мемлекеттік органдарға ұсыныстар мен ұсынымдар беріледі.