Қандастар Ассамблея

Оңтүстк Кореядағы «Томирис» мәдени орталығы

14.04.2021 54

2012 жылы Оңтүстік Кореяда өз Отанына деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімі жетелеген бір топ еркітілердің бастамасымен «Томирис» қазақ мәдени орталығының ашылған болатын. Оның жетекшісі – отандасымыз Карабаева Назгүл Мұратқызы.

Алыс шетеледе жұмыс істеп жатқан Орталықтың негізгі мақсаты – қазақ мәдениеті мен тілін, ұлттық брэндтерін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жергілікті халық арасында кеңінен паш ету, Кореяның және басқа елдердің халықаралық қауымдастығының барлық іс-шараларына белсенді қатысу, қазақ және корей халықтары, сондай-ақ Оңтүстік Кореяда тұратын басқа да диаспоралар арасындағы достықты нығайту, Кореяның басқа қалаларында (Пусан, Ансан, Тэжон және басқа қалалар) қазақ мәдениетін таныстыра алатын іскерлік үйлер мен мәдени орталықтар желісін құру.

Осыған қоса жоспарда қазақстандық жобаларды танымал етуге, бизнес келісім-шарттар жасауға, серіктестер іздестіруге және туристер тартуға көмектесуді жолға қою бар. Сондай-ақ халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты нығайту мақсатында орталық халықаралық фестивальдарда, концерттерде және Оңтүстік Кореяда өтетін Наурыз мейрамында өнер көрсетіп келеді. Орталық түрлі конкурстарға белсенді қатысады, көрмелер ұйымдастырады, сондай-ақ Кореядағы білім алып жатқан студенттермен тығыз байланыста жұмыс істейді.

2012 жылдан бастап Кореядағы «ХангукТамунаЕсульде» әйелдер қоғамымен бірлесіп халықаралық фестивальдар өткізіп келеді. 2015 жылдан бері Кореяның оқу орындарында қазақ халқының мәдениеті, тарихы мен дәстүрі барынша таныстырылуда. Орталық 2016 жылы Кореядағы дәстүрлі тағам фестивалінде «Енъян Сан» сыйлығын жеңіп алды. Сондай-ақ, 2017 жылы Корея депутаттары үйінде өткен халықаралық фестивальде «Чанре Сан» сыйлығын иеленді. 2018 жылы Кореядағы ҚР Елшілігінің атынан Итэвон әкімдігімен бірге халықаралық фестиваль өткізді.

Осылайша «Томирис» Қазақ орталығы тарихи отанының мәдениетін көпшілікке таныстыру мақсатында халықаралық фестивальдерді өткізуге тырысады.