Қандастар Ассамблея

Наурыз мерекесін шетелдегі қазақтар қалай тойлады?

08.04.2021 185

Парсы тілінде Навруз сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Навруз – жер бетіндегі ең ежелгі мерекелердің бірі, оны көптеген халықтар көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі ретінде әр түрлі атап өтеді.

2009 жылы Навруз ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енгізілді. БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 наурызды Халықаралық Навруз күні деп жариялады.


Ежелгі заманнан бері Қазақстанда да жаңа жылды тойлаудың өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Бұл уақыт «жапырақтардың өсу уақыты» деп аталады. Шуақты көктем шығып, 21 наурызда көктемгі күн мен түн теңеліп, табиғаттың жаңаруын білдіретін Наурыз мерекесі аталып өтіледі.

Ежелгі заманнан бері Қазақстандағы Наурыз құнарлылықты, достық пен махаббатты бейнелейді. Бұл күні адамдар әдемі киініп, туыстары мен достарына қонаққа барады және бір-біріне ақжарма тілектерін арнайды. Мереке жаңа өмірдің жаршысы болып саналады. Қазақ елінінде халық ән айтып, би билейді, сондай-ақ ұлттық ойындар мен мерекелік серуендерге қатысады.

Әрбір мерекелік дастарханда дәстүрлі наурыз көже тағамы міндетті түрде қойылады. Қазақтар Наурыз мейрамында осы тағаммен тамақтанса жыл молшылықта өтеді деген наным-сенім қалыптасқан. Наурыз көже жеті дәмнен: ет, су, ұн, май, тары (күрішпен немесе жүгерімен алмастыруға болады), тұз бен сүттен дайындалатын нәрлі сорпа. Тағамның әр компоненті өмірдің жеті қағидасын білдіреді: өсу, сәттілік, бақыт, байлық, денсаулық, даналық және аспанды қорғау. Наурыз рәміздерге бай шара. Сондықтан Наурыз мейрамын тойлауда наурыз көжедегі жеті түрлі дәмнің санының өзі ерекше мәнге ие. Ол кейін жеті тостағанға құйылып, жеті ақсақалдың алдына қойылады. Әрқайсысы өз үйіне жеті қонақты шақыруы керек, сонымен қатар жеті үйге қонаққа баруы тиіс.


Бұл керемет көктем мерекесін жыл сайын шетелде тұратын қазақтар да айрықша атап өтеді. Пандемия жағдайында 2-ші жыл қатарынан Наурызды кең ауқымда мерекелеу тоқтатылды. Десе де, бүкіл әлемде қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан, отандастар Наурызды шағын ортада және табиғат аясында атап өтті.

Ресей Федерациясының Омбы қаласында 22 Наурыз – Халықаралық наурыз күні деп аталады. Омбы аймақтық қоғамдық ұйымының Басқарма Төрағасы Қуаныш Жолдасбекұлы Елеутаев ұлы ағартушы Шоқан Уәлихановтың аты берілген басты көшеде барша қауымды мерекемен құттықтады.

Қазақ отбасылары үйлерінде дәмді тағамдар дайындап, мерекені дастархан жайып қарсы алды. Омбыда жыл сайын «№ 100 ЖОМ» бюджеттік жалпы білім беру мекемесінде Наурызды сән-салтанатпен атап өтеді. Мерекеде барлық қонақтарды «Тұран» би театрының жас бишілері өз өнерлерімен қуантты.

22 наурызда Омбы қоғамдық ұйымдары Наурыз мерекесіне орай түркі және иран халықтарының өкілдері атынан COVID-19-ға (ТЖМ-4 және ТЖМ-10) қарсы күресте алғы шепте тұрған дәрігерлерге арналған «BIZ BIRGEMIZ» қайырымдылық акциясын өткізді. Омбы дәрігерлерін қонаққа шақырып, концерт ұйымдастырды.

АҚШ-та отандастарымыз Флорида штатының Тампа қаласында және Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында табиғат аясында мол дастархан жайды. Наурызда ұлттық ойындар ойналып, ән шырқалып, ұлттық би биленіп, ерекше тойланды.

Наурыз мерекесі Түркияда да ыстық ықыласпен тойланды. Анталияның інжу-маржандарын Қазақстан халқы, Түрік, Еуразия халқы қауымдастығы өткізді. Наурыз фестивалі бүгінде, әсіресе Түркия республикасында, Анадолы мен Балқанда өз үрдісін жалғастыруда. Салтанатты шара мерекелік құттықтаумен ашылды. Халықтар арасындағы достық, бауырластық, бірлік сезімдерін ерекше атап өтуге болады. Қазақстан, Түрік, Еуразия халықтарының достығы мен халқы қауымдастығының президенті Ақмарал Рыспай тек қазақстандық түріктерді ғана емес, бүкіл түркі әлемін мерекені бірлесіп тойлауға шақырды. Наурыз фестиваліне байланысты дәстүрлі би, ән шашу мәдени іс-шаралар да көрсетіліп, келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылды.

21 наурызда Қазақстан Республикасының Горгандағы бас консулдығында бас консул Айтжан Айдашевтың бастамасымен бір топ қазақ диаспорсының өкілдері Наурыз мейрамын тойлады. Осы мерекелік шара аясында өнер мен мәдениет саласындағы бірнеше белсенді отандасымызға ҚР Мәдениет министрлігі мен ҚР Ирандағы елшілігі тарапынан алғыс хат табыс етілді. Қонақтар жас өнерпаздардың шағын концертін тамашалап, дастарқаннан дәм татты.

27 наурыз Ресей астанасында Мәскеу «Қазақ диаспорасы» қорының басшысы Полат Жамаловтың мұрындық болуымен «Вяземград» қонақ үй-мейрамхана кешенінде Наурыз мерекесі тойланды. Мереке аясында кәдесыйлар, халықтық қолданбалы өнер бұйымдары, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, концерттік бағдарлама, спорттық-ойын бағдарламасы (қазақша күрес, арқан тарту, қаппен жүгіру, асық ату) қонақтардың көңілінен шықты. Киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. Мерекелік дастархан жайылып, халық әндері орындалды.

Наурыз мерекесі Орынбор облысының Соль-Илецк қаласында үлкен ынтамен аталып өтілді. Орынбор қазақтарының қауымдастығы іс-шараға қолөнершілер көрмесін, ауқымды концерттік бағдарлама дайындады. Сондай-ақ, жаңа кітаптардың тұсауы кесілді. Қазақтардың ғана емес, Орынбор тұрғындарының да халықтық дәстүрлері мен мәдениетін таныстыру үшін қазақтың ұлттық дәстүрі, билері мен ойындары қызыққа толы болды.

Мәскеуде 10 жылдан астам уақыттан бері «Навруз» мерекесі тойлануда. Навруз (парсы жаңа жылы) – әр түрлі елдерде, сондай-ақ Ресейдің кейбір аймақтарында атап өтілетін ең көне мерекелердің бірі. Мысалға Татарстан және Башқұртстан республикаларын атауға болады. Мереке Ресей астанасында ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында аталып өтіледі. Осы жылы Мәскеуде Навруз мерекесі 15-ші рет, бірақ коронавирусқа байланысты шектеулерге қарай алғаш рет онлайн түрде өтті. Іс-шараның тікелей эфирі мейрам күні Навруздың ресми сайтында, YouTube каналында және әлеуметтік желілерде көрсетілді.

Самара облысында, Навруз мерекесін дәстүрлі түрде қазақтар, өзбектер, әзірбайжандар, қырғыздар, тәжіктер, түрікмендер және басқа халықтар атап өтеді. Наурыз – бұл күн көптеген Азия халықтарымен бірге тойланатын күн. 27 наурыз күні Самарадағы «Заря» мәдениет үйінде «Халықтар Достығы Үйі» КММ, Самара қаласы әкімшілігінің қолдауымен «Навруз» халықаралық мерекесін өткізді. Іс-шараны Самара қаласы мен Самара облысының ұлттық қоғамдық ұйымдары, «Самара қазақтары» мәдениет орталығы президенті Салауат Асқарұлы Сұлтанов сондай-ақ. Азияның түрлі ұлттық-мәдени орталықтарының басқа да қоғамдық ұйымдары ұйымдастырды.

Мерекелік іс-шара сәндік-қолданбалы өнер көрмесі, ұлттық музыкалық аспаптар әуені және мерекелік бимен басталды. Концерттік бағдарламаға қатысушылар ғана емес, көрермендер де биге қатысты. Көрмеден кейін мерекелік концерт көпшіліктің көңілінен шықты.

Мерекелік іс-шара ұлттық-мәдени қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен концерттік бағдарлама әртістерін «Навруз» халықаралық мерекесін ұйымдастырғаны, өткізгені және қатысқаны үшін марапаттаумен аяқталды. Мұндай іс-шаралар көпұлтты елдің ұлтаралық және конфессияаралық келісімін нығайтуға әсер етеді. Халықтардың өзіндік ерекшелігі мен ұлттық мәдениетімен таныстырады, жас ұрпақ арасында таланттарды танытуға оң ықпал етеді.

Тәжібекова Гүлсім Нұрлыбекқызы

Шетелдегі отандастарды қолдау

департаментінің консультанты