Қандастар Ассамблея

Германияның Кельн қаласындағы «Қазақ мәдени орталығы»

16.06.2021 651

Төрайымы: Садие Сүрер

Қоғам 1982 жылы құрылған.

Ресми тіркелген атауы «Kasachischas Kulturzentrum Köln»

Қоғамның мақсаты:

Германиядағы және Кельн қаласындағы 150 шақты жанұяның басын біріктіру, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді, тілімізді, әдебиетімізді, көркем өнерін келер ұрпаққа үйрету, мүмкін болғанынша тарихи отанмен және дүниежүзіндегі басқа қандастармен байланыстыру. Көптен бері келе жатқан арманымыз кішкене болса да бір мәдени орталық ғимаратын сатып алу.


«Бұл іске белсене кірісуімдегі мақсат ең бірінші Түркия болсын Европада болсын мұндай жұмыстарға әйел адамдардың қатыспауы. Ұдайы ер адамдар басқарып әйел адамдар кейін қалып, ас үйден аспай жатады. Енді келешекте осы істерге көптеп әйелдердің де араласуы, қыздарымызға жол ашу керек деген мақсатпен төрайымдыққа келдім. Әйелдердің де қоғамдық жұмыстарға араласатын уақыты келді. «Бесік тербеткен қол әлемді де тербетеді» дегендей, қоғамымыздың істелмей жатқан жұмыстарын атқару үшін 6-7 кәрі-жасы аралас топ болып жұмысқа кірісіп кеттік. Қоғамның 80 шамасында мүшесі бар. 


«Отандастар Қоры» КЕАҚ ұйымдастырып, өткізіп жатқан қазақ тілі курсына хабарландыру жасап, белсене қатысудамыз. Екіншіден, қаншалықты қазақпыз десек те тарихи отанымыздан жырақта жүргендіктен көп нәрсе ұмытыла бастағандай, ұмытылып кеткендей болып тұрады. Сондықтан сол ұмытылған саналы салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды қолымыздан келгенінше қайта жаңғырту, еске салу, көрсету басты парымыз. Осы орайда бірсыпыра жұмыс атқарылды. Көпшілік риза болды, - дейді Кельн қаласындағы «Қазақ мәдени орталығының» төрайымы Садие Сүрер.

Әлеуметтік желідегі парақшамыз:

https://www.facebook.com/kolnkazak.medeniortaligi/about

Мекен-жайымыз:

Kasachisches Kulturzentrum Köln e. V.

Karl-Anton-Str. 22

40211 Düsseldorf