Қандастар Ассамблея

«Боталар неге боздайды?» жинағының тұсау кесері өтеді

18.06.2021 81

Бүгін Алматы қаласының «Достық үйінде» ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жәркен Бөдешұлын еске алу кеші өтеді. Іс-шара аясында айтыскер ақын Ержанат Байқабайұлының «Боталар неге боздайды?» жыр жинағының тұсаукесер рәсімі жасалады. Жинаққа Жәркен Бөдешұлының өмірі мен шығармашылық жолына арналған өлеңдері топтастырылған.

Қазақстан жазушылар одағының ұйтқы болуымен ұйымдастырылған шараға Жәркен ақынның үзеңгілес қаламдастары, іні-қарындастары мен оқырмандары қатысады.

Уақыты: 2021 жылы. 18 маусым, сағат: 16:00 де. Орыны: Құрманғызы 40, «Достық үйі».

Ұқсас материалдар