Қандастар Ассамблея

Болат Бопайұлы: Қазақтың түс жоруы туралы түсінігі

05.09.2020 399
"Түс - ғайыптан көрінген аян, анығын Алла біледі"

Түс жору - қазақ халқының ұлы мәдениет тарихында өте ерте, ықылым замандардан бастау алып, күні бүгіне дейін жалғасын тауып, үрдісін үзбей , үмітін кеспей   келе жатқан тамаша ғұрыптарымыздың бірі.

Ендеше түс дегеніміз не?

Түс - сөзінің түп мағынысы - уақыт пен мезгілді. Жүз бен өңді, түр мен түсті, әр алуан бояуды мағынасына сыйғызады, кең мәнді түгел қамтыйды. Тек сөлем ішінде сөздермен тіркесіп айтылғанда, ғана жеке дара мағынасы ашыла түседі. Мысалы : "бйіктен түс", " Жоғарыдан түс", " Төменге түс", " Аттан түс" деген бұйрық райлы етістік мағынасын берсе, енді бірде әр алуан нәрселердің - " Затың түсі", " түр- түсі" , " Реңі- боияуы" деген мағынаны да білдіреді. " Тал түс", " Сиыр түс" десе, уақыт пен мезгілді меңзейді. " Жүзі жылы" десе, өң мен түрді көрсетеді.

Ал біз сөз етіп отырған түс сөзі - адамның ұйықтағанда көрген түсі. Немесе қалғыған ойдың қараңғыдағы бұлдыр көрнісі. Сол ойдың ішіне кір, сол сезімнің түбіне түс, түсін таны, түрін жоры, жолын біл деген ұғымдарды да үстейді.

Жә, ойдың түсі - ұрықтан өрбіген рухани жан дүниенің ұғымы болса, затың түсі - заттың сыртқы   бояуы, түрі мен түсі болып табылады. Заттың түсі- көк, қызыл, жасыл, қара сынды болып, ояу көзге көрінеді. Ұйқыда көрінген түс - адамның ой - санасының түсі мен түрі болып табылады. Ол ояу көзге көрінбейді, ұйқыдағы ой көзге көрінеді. Содықтан түс жорыу оп- оңай, жеп- жеңіл жорый салатын, аянын ашпай, анықтамай айта салатын жағадай жәй, елеусіз ескерусіз елес емес. Түсті дүрыс жорыу үшін өте үлкен даналық керек, тарлан талдау керек, терең білім, кемелді ғылым керек.

Түс - адам мен тәбиғат, жаратылыс пен жаралым, ұйқы мен ояу арасындағы беймәлім құбылыс. Өлі мен тірі, ол дүние мен бұл дүние, ресми сана мен бей расми сананың күрделі қатынасы, құпия қызметі. Сол қатынас пен қызметтен адам санасына берілген ғажайып есті  хабары, елесті көрнісі.

Тоқ етерін айтқанда, түс - адам өмірінде кездесетін, алдағы күнде болатын,    болар істің алдын ала көрінген, ұрық әлемінен рухани әлемге өткен құпия жолдамалары , мыйға сіңірген елесті болжамдары. Ғайыптан көрінген ғажап ой бейнелері. Алдағы тағдыр жазуының, ұйқыдағы өмірге әсерін тйгізіп, көрінген жұмбақ көрністі сезім сәулесі. Ой кеңістігіндегі көгілдір көркем көрнісі. Адам ұйықтағанда, ұйықтамай ояу қалған түйсіктердің, сыртқы әлеммен байланысқа түскен әрекеті. Адам еркіне бағынбайтын ерекше қызыметі. Бөлекше сырға толы байланысы.

Қазақ - адамның түсіне кірген, аян берген, қалғыған ойдың беймәлім бейнелерін , ұйқыдағы қыдырған қым - қыиғаш қиялды көрністерін, ұйқтап жатып сезінген сезім сейілдерін, түйсік түбінен түйсінген түсініктерін, оянғанда жан дүниесінде жасырын жаңғырығы қалған жан көрністерін, елесті, есті оқиға баяндарын - "түс " деп атады.

Ал түс көру және түс жору күллі адам баласына ортақ құбылыс, ортақ қасиет, ортақ ғұрып, ортақ сана. Жұмыр жер төсіндегі, жұмыр басты пенденің бәрі түс көреді. Әрі көрген түстерін, түс жорушыға жорытады. Сол арқылы көрген түсінің құпия сырын сезгісі келеді, алда не күтіп тұрғанын білгісі келеді. Соған қарай жоспар жасап жүргісі келеді. Үйткені түс - жұмбақ нәрсе. Ол жұмбақ сырды екінің бірі , егіздің сыңары шеше алмайды. Тереңге жасынынған жұмбақ жапсарындағы құпия мәнді аша алмайды. Түс мағынасындағы мәтінді,   мәйекті, мәнді мәнерлеп нақ көрсетіп, айқын ашып айырып айтып бере алмайды. Ел ішінде, халық арасында арнайы түс жоритын дана адамдар болады. Солар ғана түсті өз мәтінімен жориды. Өз мағынасымен сырын ашады, айқын айтып анықтап береді. Түсті дұрыс жорйды. Ондай түс жорушылар мың да бір адамнан ғана кезігеді. Олардың жорыған түс аинымай келеді. сондықтан көрген түсті кім көрінгенге жорытуға болмайды. Түс жорығанша, ұстараның жүзінде, қыл көпірдің үстінде тұрады. Басы байлаусыз, еркін тұрған көлік секілді болады. Оған кім шалмасын салып, жібін тағып, бүйдасын байлап қалай жетектесе, солай кетеді. Құдды сол секілді түсті қалай жорысаң, солай қарай жорғалайды. Жоруына қарай жорым береді, жоруы дүрыс болса, көрген түс айнымай ақық келеді.  Егер, түс қате жорылса кері айналады.

Түс - Алладан келген аян. Ғайыптан көрінген жұмбақ сыр. Алда болатын іс- әрекеттің алдын ала көрінуі, сынап сын беруі. Пендесіне күн ілгері берілген белгісі, ескерткен ескерткіші. Мұны білетін қазақ түс көргенде сабыр сақтайды. Асығып- аптығып кетпейді. Көрген түсін түс жорушысына жорытады. Шалаң жаңғырт, сапалақ сараң, қара қасаң адамдарға айтпайды, жортпайды. Дана адамдарға түс жортқанда, түс садақасын береді.

Қазақ көбінде көрген түсін жасырып жабық ұстайды. Абайсыз да жақсы түс , қате жорылса, жақсылық жамандыққа алмасады. Түсті екі рет жорымайды. Бір рет ғана жориды. Екі рет, екі кісіге жортқан түс келмейді. Құнын жоияды, құпиясын жоғалтады. Үйткені, түс - киелі ұғым. Екі қайырымға көнбейді. Киесінен айрылған түстің ұғымы да, жұғымы да болмайды. Мәні де, мәтіні де қалмайды.

Қазақ түсті- көп ішінде, ел алдында жария айтпайды. Егер, сенің көрген жақсы түсіңді біреу - міреу естіп, іші тарылып, жамандық ойлап: " Мынаның көген түсін менің басыма көшір, жақсылығын менің қасыма келтір",- деп тілесе, түстің барлық жорылған жақсылығы соған ауып кетеді. Мұны қазақ " Түс көшіріп алу" деп атайды.

Жақсы істің жаман іске, жақсы түстің жаман түске айналуы содан да болады. Сондықтан өзің көрген түсті, өз жүрегіңде сақтағаның абзал болмақ. Көрген түсіңе ешкімді де арластырма, жат адамды ортақтастырма, түсіңді беталды жортпа, сақ бол.

Неге?

Сен, соны білуің лазым, ұғуың тиіс.

Адам баласы түнде ұиықтағанда, өлі мен тірі арасындағы " Барзак әлемінде" жатады. Тәңертең оянғанда тірі болсаң, Педүниеге, жарық әлемге қайтып келесің. Ал өлі болсаң, Бахиға, мәңгілік сапарға аттанасың. Сен көрген түс - сол Барзак әлеміндегі жұбақ сыр, жабық хабар. Оны мақтан етіп, кім көрінгенге айта салатын, арзан бағалайтын нәрсе емес. Өмір мен өлім арасынан жеткен , ғайып хабарды   құпия ұста. Жат , жаман адамдардың алдында түсіңнің сыры ашылса, басыңдағы бағың кетеді , астыңдағы тағың кетеді. Осыны есіңе сақтап ал. Сырын терең жаттап ал. Бұған мысал оқиға жетеді. Мына бір әңгімеге құлақ сал, нәрін сал:

Баяғы заманда, бір жас келіншек түс көріпті. Түсінде ғажап іс көріпті. Таңға жақын түсінен шошып ояныпты. Түсін жортайын деп ойланса, бір белдің астында, қыстап- жазап, мал бағып отыратын бір түс жорйтын дана қарт бар екен. Жас келіншек, ертемен орынан тұрады да, сол ақсақалдың үйіне қарай аияңдайды. Барса ақсақал малын өріске айдап кетіп қалыпты. Үйінде, ақсақалдың кемірі отыр екен.   

Ертемен келген жас келіншекке таңғала қараған кемпір:

- Иә, келінжан, не бұйымтаймен келдің,- деп сұрапты.

Келін:

 - Мен түнде түс көрдім, түсімнен шошып ояндым. Сол көрген түсімді атаға жорытып алайын деп ертемен келдім ,- дейді.

 - Әй, келінжан, кешігіп қалыпсың. Атаң Шолпан туа, малды өріске айдап кетеді де, Болпан туғанда, малды қораға айдап келеді. Түсті түстен бүрын жорыған жөн. Түстен кейін жорыған түстің жартысы келмейді. Кеште жорыған түс кері кетеді. Сейсенбі сәтсіз күн, түс жорымайды. Сейсенбі күні жорыған жақсы түс те, жаманға айналады, керісіне бағады. Бүгін сәрсенбі сәтті күн екен. Атаңнан құлаққа кірген, түс жорудың быраз мәтінін мен де білемін. Келінжан, қандай түс көрдің? маған айта ғой. Мен жорып берейін. Түс садағасын берсең болдығой, атаң кеш болып, қас қараиғанда бырақ келеді, - деп кемпір келінің көрген түсін сұрады.

Түс көргенімен , түс жорудың мәтінін білмейтін, еш тәжірибесі жоқ, жас келін, апаның айтқанына айрандай ұйып, аңқылдап, бар пейілімен сене қалды да, көрген түсін, жасырмай апаға былайша жайып салды:

 - Апа, сізге, Алла разы болсын. Түнде түсімде екі бөлтірік ( Бөрінің , көжалдың күшігі) келіп, менің екі омырауымды жұлып жеп жатыр екен. Бырақ сондай сүйкімді күшіктер екен. Оянсам, таң атып қалыпты. Тақатым таусылып, атаға түсімді жорыта қояиын деп жанұшыра жеткенім осы,- деді, келін, апасына қарап.

Кемпір, түкте ойланбастан:

 - Әй, келінжан, жаман түс көрген екенсің. Садақасы кемінде бір ақ сары бас қой болғалы тұрғой, - деп келінге сығырая қарады. Жаман түс деген сөзінен үрейленген келін, "апа, ақ сары бас дайын тұр. Түсімді жақсы жорып беріңізші",- деп өтінді.

"Ақ сары бас дайын" деген сөзді естіген кемпір көзі күлім қағып, еш ой қортпастан:

 - Әй, келінжан, байқамасаң сені екі қасқыр жолда жеп кетеді екен. Сол қасқырлар шабуыл жасамай тұрып, мал садақасы жан - садағысы емес пе, бөгелмей үйіңе бар да, ақ сары бас малды тез әкеліп таста. Сонда басың аман қалады,-деп келіннің үрейін ұшырып, түсін қорқыта жорып берді.

 Онсыз да үрей билеп отырған, жас келін, кемпірге ақ сары бас қойды тез жеткізіп, пәледен құтылғысы келіп, үйіне қарай жылдам басып жүріп кетті. Кетіп бара жатқан келіннің арт жағынан қырылдаған дауысымен кемпір " бүгінен қалдырма. Таңға көрген түс, кешке дейін келіп болады, келінжан, тез пәледен құтыл,- деп жанашырлық танытқандай артынан айхай салды. Өзі де, жітірмелете басып бара жатқан келіннің жаурынынан, қамшы сарт ете қалғандай болды да, қадамы одан ары жиілеп , жатаған белден асып кетті.

Әлден уақытта, малын өріске өргізіп тастап, таңғы шайына оралған дана қарт та үйіне келді. Кемпірі болған оқиғаны баяндады.     

Кемірінің түсті қате жорығанын біліп, атына қонған, ақсақал келін кеткен жаққа қараи тұра ұмтылды.  Белді асса, екі көкжал арлан келіншекті түгел таусып жеп , кесер басын кеміріп жатыр екен. Екі қасқырды да, майданда екі жебемен жамсатты да, келінің бас сұйегін алып үйіне оралды. Келе сала кепіріне:

 - Мен саған, танымас түсті жорыма. Білмес құранды оқыма. Жетпес ақылды айтпа, білмес іске білімсінме деп мың, сан рет аитпадым ба,- деп ақырып, кемпірін қолындағы дырау қамшымен хақ арқасына салып- салып жіберді. Алты таспа бұзеу тіс болып өрілген, қамшының өрмегі арқасын удай ашытқан кемпірі, жылай жұріп;

- Мен, келінің түсін дұрыс жорыпын ғой. Ол келін түс жорыттарда құр қол келмей, ақ сары басын жетелей келген болса, аман қалмас па еді,- деп қу қулқыны құрып тұр. Әбен ашуға мінген ақсақал:

 - Әй, қу сорлы, жалған дүниеге сенің көзің тоймай өтер. Өлсең,   сені, көмсем, өліп жатып та, топырақты да, үйіп- төгіп сала бер деп тілейсің- ау, бәтшағар.

Ол келін, екі бөлтіріктей егіз, екі көкжал ұл туатын еді ғой. Түс совның тамаша баяны еді ғой. Сенің керім түсті кері кетіріп жоруың, ақыры осындай қарлы күнге ауысты. Жақсылық жамандыққа айналды. Келісті түс келмеске кері кетті. Енді танымас түсті жорып, жақ кірісңді ашушы болма. Білмес іспен айналыспа. Бітетін істің бетін қайтарма, жолын байлама. Басқа пәле тілден. Тілден құлаған тұрмайды, пілден құлаған тұрады, қу тіліңе мықтап құлоп сал,- деп дана қария кемпірінің, түс жоруына қатаң тыиым салады.

Міне, қате жорылған түс - қасіретке айналды. Қасірет өлімге әкелді деген осы.   

Қазақта " Түс түлкінің боғы" деген тәміл сөз бар. Кейбір күрмегі күрделі , шйленісі шйкі өте қорқынышты түстерді беталды жорымайды. Түс көрген адамды шошытып алмау үшін , дүниеден түңілдіріп, өмірден үмітін үздіріп алмау үшін " түс түлкінің боғы" деп   жұбататын болған.

Қазақ көрген түсінің мазмұнына қарай " Шынайы түс", " Қияли түс" деп екіге бөлсе, исламдық таным бойынша " Имани түс", " Шайтани түс" деп ары қараи тағы да екі ұғымға жіктейді. Кейде "Жағымды түс", "Жағымсыз түс" десе, түстің көріну дәрежесіне қарай " Ашық аян" , "Жабық аян" , "Нақ түс" , " Хақ түс", " Бұлдыр түс" , " Болымды түс" , " Болымсыз түс" т.б түрлерге бөліп, мазмұнына қарай мәтінін тауып , талдап жорыйды.

Қазақ көрген тұсін ең жақын жанашыр ата-анасына, немесе  ең сенімді түс жорушыны тауып жорытады. Түстің жақсы - жаман болмағы түс көрушіден емес, түс жорушыдан болады деп сенеді. Содықтан түс жорушылар әр қандай түстің барлығын жақсылыққа балап, жағымдылыққа санап жорыйды. Сонда көрген жаман түс те жақсылыққа айналады, жағымды жаққа ауысады.

Ал кейбір жаман түстерден сақтану амалдары да бар. Ашық аян беріп, кірген кей қорқынышты түстерді, әр алуан амал жасап басқа жаққа, не затқа көшіретін де болған. Мәселен, Бір адамды түсінде жылан шағып алса, не ит қауып жараласа, болмаса қасқыр жеп жатса, онда түс көрген кісі өз бойымен бірдей ақ не қара шүперекті өлшеп алады да, оған ақ тамызып "Жаман түсімді жыланға, итке, қасқырға көшір" деп үш рет айтып отқа өртейді. Егер арқырап ағып жатқан ағын су болса, оған лақтырып ағызып жіберсе, жаман түстен келетін, кісі басына төнетін қауып- хатер сумен ағып далаға кетеді. Адам әр алуан хатерден аман қалады деп, ежелгі түс жорушылар осы ырымды атқарған екен. Ондан да қорқынышты түс көрсе, түсінен алаңдап мазасы кетсе, бйдай, тары, жұгері, бұршақ сынды дақылдардан бір уыс алып, оны ақ шүперекке түйіп, басынан үш айналдырып болған соң қүстарға шәшіп жіберсе, таудай болып келе жатқан жамандықтың беті қайтып, жамандық құстарға аунап кетеді екен. Дән ораған ақ шүперекті де суға ағызып не отқа өртеп жіберу керек екен.

Әне, қазақтың байырғы түс жорушылары, жаман түс көріп қорқып, үркіп, шошып қалған адамдардың көңілін осылай аулайды екен. Жүректеріне сенім беріп, көңілдерінін орнықтырады екен.   

Расында, енімнен айырылған адам- семе береді, уайым жеп ұнжырғасы түсе береді. Адам баласы үшін өз сенімінен артық шындық пен күш жоқ.

Қазақ түстің көну уақытына қарай , түнде жата сала көрген түсті- " Бастапқы түс", түн ортасында көрген түсті " - Ортаңғы түс", таңға жақын көрген түсті" - Аяққы түс" немесе " Таңғы түс" деп үш түрге бөледі.

Ал түс жорушылар бастапқы түс- жетпіс күн, жеті ай, жеті жылда келуі мүмкін. Ортаңғы түс, жіті күн, жеті айда келеді, Таңғы түс - жеті сағат, жеті күнде келеді деп уақыт аясында жорып жатады.

Қазақ- түсті тура мәтінін тауып жору, жұмбақ құпия мәнін ашу, терең мағынасын түсіну бәрінен маңызды деп санайды.

Сіз, ұлы тарихта болған , мына бір мысалға құлақ түріп тыңдаңыз. Түс жорудың үздік үлгісі осы болар. Бұны әсте ертегі деп ойламаңыз. Сіз алатын мол құнды ғибырат бар.

Өте ерте заманда бір ауылға бір қайыршы ақсақал келіп, әр үйдің есігін қағып:

- О, Алланың пенделері, қайыр- сахауат беріңдер, садақаны сауда беріңдер, кейінгі қиындықтарыңа дүп келер,- депті. Ауылдың быраз адамдары садақа беріп, қария теген айтпаса керек мүсәпір адам екен деп жанашырлық танытыпты. Екіші күні әлгі ақасқал тағы пайда болып, садаққа атамаған үйлерің есігін тықылдатып, " Садақа беріңдер" депті. Ауыл адамдарының бәрі тегіс садақа беріпті. Тек сол ауылдың ең шожар байы ғана садақа бермепті. Үшінші күні әлгі қария басқа үйлерге бармай , бірден шонжар байдың есігін қағып:

- О, шожар бай, жомарттық таныт. Аямай садақа бер,- деп тұрғанда. Қарны қабақтай болып, ызаға тұншып , сыртқа шыққан шонжар бай:

- Әй, сығарға бйті, үрерге иті жоқ, шыптасына шыбын қонбаған, көлеңкесіне ит жатпаған қайыршы неме , көзіңді құрт, табаныңды жалтырат. Дереу ғайып болмасаң , осы жерде басыңды жұлып алып , алмадай домалатам,- деп зекіреді.

Сонда қайыршы шал:

- Е, Ә, Алладан қорықпағаннан қорық, деуші еді. Мынадан мен қорықтым. Бағы асып, қаны тасып, Құдайын ұмытқан пенде екенсің- ау. Алла алдында мен де, сен де, ол да, бәрібір пенде,- деп қайыршы таяғына таянып, ақырын - ақырын шегіншектеп кетіп қалыпты.

Шонжар бай, дәл сол түні түс көреді. Түсінде қызық қиын іс көреді. Жадырап жайнап тұрған жаз айында, аяқ астынан қапалақтап торғай бас қар жауады . Қалың қар жердің жүзін басып қалады. Жаз лезде қытымыр қысқа айналады. Байдың қора - қора қойлары, өріс толы жылқысы, қотан толы тұйесі, қора толы сыйыры қақаған аязға шыдамай қырылып қалады. Бай, қырылып қалған , қыисапсыз малының ортасында , қайғырып тұрғанда, бір тұйесі бүйдасын сүйретіп, бір жаққа кеткен ізін көзі шалып қалады. Сол жалғыз түйенің ізін қуып, бір таудың етегңне барса, тірі қалған жалғыз түйесі, көгәлды жерде жайбырақт жайылып тұрады. Бай, түйеге жақындайын десе, тау басында бір Арыстан атылуға дайын тұр. Түйеге жақындаса, Арыстан тап береді. Қу жан тәтті. Бармайын   Десе, мал дүние одан да тәтті. Не қыларын білмей тұрған бай, не болса да, қайыршы болып өлгенше, түйені айдап алайын деп түйеге қарай жүреді. Аңдып тұрған Арыстан таудың етегіне қарай ақырып атылады. Бай артына қарай бұрылып тұра қашады. Бай қашып келеді, Арыстан қуы келеді. Байдың етгіне жармасыуға тайап - тайап қалады. Бай одан ары жан үшра қашып келеді. Осылай қашып келе жатқанда, бай белгісіз бір құдыққа күп етіп , түседі де кетеді. Қолында тұйенің бұйдасы бар еді. Ғайыптан бүйда бір ағашқа байланып , құдықтың ауызына көлделеңдеп тұрып қалады. Бұйданың бір үші байдың қолында, бір үші көлделең тұрған ағашқа байланып қалған. Бай сол жіпке салақтап асылып тұр. Жоғары қараса, Ашулы Арыстан арандай аузын ашады. Төмен қараса, құдық түбінде жатқан Аждақа заһарлы уын шашады. Ешқайда қашап құтылмасына көзі жеткен бай, " Кеше қайыршы шалдың тілін алып, жарты малымды бырақ садақа, зекетке атасамшы " деп қатты өкінеді. Байдың басы қатып , сан- сапа ойға шомып түрғанда , кенет бір ара пайда болып, ызыңдап айнала үша бастайды. Алдында қараса, араның бал ұясы түр екен. Қарны ашып балды алып жейін десе, ара қолын шағып алады. Жемейін десе, қу құлқын құрып барады . Үміт пен үрей қу жанын жегідей жеп , жеміріп барады. Бай , не істерін білмей дал болып тұрғанда, бір қара тышқан пайда болып, өзі асылып түрген жіпті бір кеміріп кетсе, артынан ақ тышқан келіп , екі кеміріп кетеді. Жіп жіңішкеріп, үзілуге тақап барады. Үсті - үстіне қауып- хатер төніп келеді. Бір жағынан балдың тәтті исі мұрынды жарып барады. Ақыры қу құлқын, арсыз нәпсі шыдатпай , сұқ саусақпен балды түртіп алып, ерніне жағып жалап көріп еді. Теңдесіз тәтті болып сезілді. Балдың тәттілігі , байдың бар қорқынышын лезде ұмыттырып жіберді. Балдың тәттілігіне құныға қалған бай, таңғы да балға қолын соза бергенде , ара келіп шағып алды. Саусағы удай ашып, аихаи салып еді. Түс көріп жатыр екен . Шошып оянды. Суық тер басып кеткен екен. Таң рауандап аттып келеді. Ұйқысы шайдай ашылды.

Бай, төсектен баияу басын көтеріп , жайланып отырды. Сосын быраз ойланды да. Есік алдына шықты. Есік алдында алба- жұлба киінген , кеше келіп есік қағып, садақа бер деген қайыршы отыр екен. Оны көзі шалған бай:

 - Әй, ақсақал , мен, кеше сені, бекер кіналаппын. Алла кешсе мені кеш. Жаңылайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Жаңылдым жаздым, қателігімді таныдым. Сені, маған Алла аян етіп , жіберген адам екенсің. Үйге кір, төрге шық. Дәм ауыз тй. Сосын менің түнде көрген түсімді жорып бер,- деді.

Қайршы шал, байдан қандай түс көрдің деп сұраған да жоқ. Бірден түсін жорып жүріп кетті:

 - Е, бай тақсыр, Алла тағала аса мейіріді. Жақсы жандардан жақсылығын аямайды. Ал асқан адамға , тосқан қояды. Әуелі , соны біл. Сосын түсіңе кірген мына ғибыратты біл. Түсіңде уәде еткен малыңның тең жартысын кембағалдарға садақаға бер. Сонда ғұмырың үзарады.  

Түсіңді жорып берейін. Оң құлағыңмен тыңда. Ақыл қалтаңа ағызып алмай, сабырмен салып ал, құлағыңа ұмытпастай етіп құйып ал:

Түсіңдегі жайнаған жаздың лезде қысқа айналуы- қартайып бара жатқандығыңның белгісі. Қапалақтап жауған - қар мен аяз жүрегіңде еш мейіріміңнің қалмағаны. Қахарыңның асып, халқыңа қадырыңның қалмағанының хабаршысы. Малыңның қырылып қалуы- боқ дүниенің өміріңе ес қатпайтының ғибыраты. Жалғыз түйеңнің тірі қалуы- өмір- тіршілігіңнің жалғыз жанған ұміті сол.

        Түсіңе кіріп сені тырқыратып қуып жүрген , Арыстан- ол ажал . Сені мезгілінен бұрын алайын деп жұрген. Арыстанның таияп қалып , үстай алмай жұргені - күнде ажалдың сені тоқтаусыз аңдып қасында тұрғаны. Құдық түбіндегі Аждақа- ол тозақ, сенің күнәң көп болса, соған күйесің. Тозақ тұбінде сүңгіп кетесің. Сен асылып тұрған жіп - ол сенің өмір жасың. Жіпті кемірген ақ тышқан- күндіз, жарық күн. Қара тышқан- қараңғы түн. Тышқан бейнесінде келіп , алма кезек сенің өміріңді жіңішкертіп ұрлап жатқан уақыт баяны. Араның балы - сен құмаратып , әбден құныққан боқ дүние. Ол сен үшін бәрінен тәтті болғаны сонша , бүкіл қорқынышыңды да ұмытырды. Сол балға төніп тұрған өлімге де , қармастан екі рет қол салдырды. Саусағыңды шағып алған Ара - ол ажал хабары. Өлімді күнді   ескертіп, саған аян берді. Ол ара сені шағып алмағанда , жалған дүниеге одан ары құнығып , күнәңді одан ары ауырлатар едің. Бұл ғайыптан берілген түс . Ашық аян .

Анығын Алла біледі. Түсіңді мен жорыдым. Қайрын Алла берсін деп , қайыршы шал , байдың үйіне басын сұқпастан көз алдынан ғайып болды.

Бай, тұрған орнында сілейіп быразға дейін тұрып қалды . Сосын   қол астындағы малбағарларын шақырды да, малының көп бөлімін садақаға таратып жіберді. Малымды - жанымның садақасына, жанымды - арымның садақасына атадым,- деп үлкен тәубәға келді. Осыдан кейін бай , жылына екі рет садақа таратып, кембағал адамдардың қамқоршысына айналды. Бай үзақ өмір көрді. Жасы жұзден асқанда , халықтың қадырлы ақ сақалына айналып дүниеден озды. Артына жақсы аты қалды.

Қазақ дәл осындай түсті "Аяни түс " деп атайды. Әрі жорушысын дүп тапқан , мәтінін мәнді жорыған түс дейді.

Аяни түс- адам баласының санасына , өмір мен тіршілігіне, мінезі мен сезіміне, кісілігі мен ар- ұжанына , жақсы жағымды жаққа қарай өзгеруіне , дүниені дұрыс тануына , ақ- қараны айқын ажыратуына үлкен ықпал жасайды. Бырақ түсті мәнді, мәтінімен , астарлы мағынасын дүп тауып, иланымды жорый білу керек. үйткені түс- біреудің үйретуімен , талап етуімен, болмаса , басқаның өтініш етуімен кірмейді. Мен содай түс көрем деп болжал жасап,   түс көрмейді. Түс Ғайыптан көрінетін, болжамаған жерден болатын , беймәлім құбылыс. Тілсім тілді, жұбақ сырлы , құпия мәнді, бөлек мәтінді , бөгенайы бөлек ойдың ұйқыдағы буалдыр көрнісі . Санадағы сансыз жаңғырықтың көлеңкесі. Ол тек үйқыдағы кезде ғана жүзеге асады. Түпсіз шыңырау ойдың шырынды сүзгісінен өткен, сезім саңылауынан жол тауып,   санаға жеткен, қалғыған естің есігін қаққан жаңғырығы. Адам ұиықтап жатқанда , ояу қалған тұйсіктердің атқарған органикалық жұмбақ қызметі. Сол қызметтің мыйға жеткізген толқынды көрніске айналған жарық сәулесі. Ішкі түйсіктердің сыртқы әлеммен жасырын байланысқан құпия қызметті болып табылады.

Ал адам оянғанда , көрген түсінің есте сақталып қалуы - адамның ұиқыдағы кезінде мый жазушалары жазып алған, түстің көлеңкелі күңгірт беймәлім көрнісін сақтап алады да, сырттан қабылдаған сыр толқынын еске жыйнайды. Жыинап алған мәлметтерден ой иірімін туғызады . Сосын ол түсті қиял қазанында қайнатып барып, қызықты құпиясымен сана төріне үзатады да, ақыл қалтасына жыиналып есте сақталып қалады. Бұл адам организміндегі өте жұмбақ , ерекше күрделі қызмет болып табылады. Адам баласы ұйықтап жатып та , сыртқы әлеммен тілдесіп, құпия қарым қатынас жасай алады. Ештемеге бағынбастан, еш кұшке жалынбастан , өзінің меншікті тәуелсіз қызметін атқара береді .

Біз адам жанының ұйқыда жатып-ақ ,   төрткіл дүниемен түгел тіке қатынас жасай алатынын мойындаумыз керек. Сонда ғана көрген түстің мән- мағынасын терең танып жете аламыз. Әрі түсті де , дүрыс жорып, түп тереңін түсінеміз.

Түс- абстракт ұғым , Беймәлім дүние , бұлыңғыр сана . Түс - ғайыпқа жасырынған көмескі көрніс , көңілдің көгілдір көлеңкесі. Түс - түйсіктің түкпірінен түймесін ағытып, түйдегін жазып , түйіншегін шешіп , түйінін сана аспанына көтеріп , көмескелеп көрсеткен көрмесі , өмідің алда болатын жұмбақ белгісі, жасын жеткізген хабаршысы.

Түсті жорығанда , көзге елестемейтін құбылысты , көзге елестететін бейнемен, затқа балау, құбылысқа теңеу арқылы жорйды. Беймәлім бейнелерді көзбен көретіндей , қолмен ұстайтындай нақты, затты ұғымға айнайлдырып көрсетеді. Сол тәсілмен тыңдаушыға анық ұғым ретінде жорып жеткізеді.

Мәселен, " Қулық " десе беймәлім ұғым. "Қулық - түлкі " десе , ол затанды да , анық ұғымға, ашық мағынаға ауысады. "Жыртқыш" десе, бейбәлім. Ал " Жыртқыш- қасқыр" десе, затанып заңды ұғымға байланады. Құдды сол секілді түсті де, терең мәтіні , телегей мағынасын тауып, беймәлім ұғымдарды заттандыру арқылы жорығанда, түс ауыс кетпейді.

Түс - кейде затты түрде , кейде құбылыс түрінде көрінеді. Бырақ ол заттың мағынасы мүлде басқа болуы мүмкін. Түсте көрінген зат түп мағынадан ауып, мүлде басқа бір мағында яғыни ,ауыспалы мағынада жорылады. Сіз, мына бір түстің жорылу мәтініне құлақ тұріп көріңіз.

Ер Жәнібек қартайған шағында түс көреді. Түсінде бір ғайып іс көреді. Ұйықтап жатса, бір дәу арыстан қасына келіп, Жәкеңді аяғымен ақырын ғана түртіп оятады. Жәкең, орынан тұрып, өзін оятқан арыстанға қараса, жүндері алтынға ұқсап жылт- жылт етеді. Арыстан Жәкеңе тиіспейді, етек- жеңін искейді. Жәкең арыстанның жонынан сыйпаса, алақанына сондай жағымды сезіледі. Сосын арыстан алдыңғы жаққа қарай , жарық нұрын түсіріп жылжып кетіп қалады.  

Енді Жәкеңнің , қасына бір дәу қара аю келеді. Жәкең оған қарғып мініп алса, ол дәу аю Жәкеңді көтере алмай жерге баурлап жатып қалады. Тісін ашып көрсе , қартаиып кеткен екен. Ол аю артқа шегініп қайтып кетеді.

Енді Жәкеңнің , қасына бір көк бөлтірік келеді. Ол бөлтірік Жәкеңнің айналасынан ары жұгіріп өтіп, бері жұгіріп өтіп ес ақылын алады. Бағасын қашырады. Бөлтірік Жәкеңе тайап келіп қалғанда, Жәкеңнің денесі сәл тітіркенгендей болады. Әлгі бөлтіріктің тұмсығына сұқ саусағымен шертіп қалады. Сол сәтте ғайптан бір шөкім көк бұлт пайда болады да,   көк бөлтірік , әлгі бұлқа оранып лезде зым- зия болып кетеді.

Тәңертең ,Жәкең , оянса, көрген түсі екен. Түсінің байыбына бара алмаған Жәкең түс жорушыны шақырып , түсін жортады. Ол Жәкеңнің , түсін былай жорыған екен:

- Түсіңе кірген арыстан - айбатың мен батырлығыңның баяны еді. Оның жарвқ шәшіп алға кетуі болашаққа жетуі . Сенің батыр баяныңды ұрпақтарың мәңгі мақтан етеді , тарихи жыр жазып , ұрпақтан ұрпаққа ұластырып айтып , мақтан етіп жүреді.

 Ал түсіңе кірген қара аю- қайратың еді. Оның сені көтере алмай жер баурлап , жатып қалуы, тісінің жоқ болуы, артқа қарай қайтып кетуі - батырым сіздің , қару - қайратыңыз қайтқан екен. Енді жекпе- жекке шықпаңыз. Аюдың кері қайтуы - қайратыңыздың қайқандығының белгісі, нысаналы көрнісі.

Түсіңдегі көк бөлтірік - ұрпағың еді. Тұмсығына бекер шертіпсің. Көк бұлтқа сіңіп ғайып болуы сенен кейін , жекпе- жекке шығатын батыр ұл тумайды,- деп жорйды.

Үш ғасырдың алдында көрген түс, қарияның мәтінін дәл тауып, жорыуы бойынша , алдағы өмірде айнымай келді.

 Түс - жору , түстің мәтінін дүп тауып, мағынасын бозбай жору деп осыны айтамыз.

Қазақ халқы - түске кірген жақсылық болсын, жамандық болсын ол белгісіз күйде көрінбейді. Белгілі бір бейнеге , затқа, не құбылысқа айналып барып кіреді деп сенеді. Анықрақ айтқанда , адам, хайуан, әр алуан заттар мен белгілі құбылыстардың көрнісінде көрінеді.

Ал түс жорушы -түске кірген сол көрністердің сыр - сыйпатына, көрністік ерекшелігіне, бітім - тұлғасына, қыймыл- қозғалысына, түр - түсіне, мінез - харектріне , көрсеткен іс - әрекетіне, түс көрген адаммен болған әр алуан байланысына қарай түс мәтінін шешеді. Соған бағып түсін жорыйды.

Қазақ - жағымды түстерді " Жақсылық басы" , " Түс оңалмай - іс оңалмайды" деп ұиғарады. Ал жағымсыз түстерді " Түлкі боғы", " Жақсы ісіне сенеді, жаман түсіне сенеді" деп , жаман түстерді де жақсылыққа балап жорыйды. Жаман түске қара заттан садақа береді, түсін қара затқа көшіріп , жамадықтан сақсынады. Жақсы түске ақ заттан садақа береді , алда келе жатқан жақсылық тосылмасын деп, қуана күтеді. Түс құпиясын сақтап сақтанады.

Түс жору әлмисақтан бастау алып, Юсуп пайғамбардың түс жорыған рауаяттарымен жалғасын тауып, салалап сабақтасып , бізге жеткен. Қасиетті құран кәрім кітабының үлке сүрелерінің бірі "Юсуп сүресінде " , Алла тағала , түс жоруды Юсуп пайғамбарға нәсіп етті деп жазылады. Керемет мысал келтіріледі.

Юсуп пайғамбар Яқұп пайғамбардың кенже ұлы. Ол өте білімді, халқына мейіріді , үлкен дін ғұламасы , түс жорудың асқан шебері , дана адам болған. Дүйім жамағатты Алланың хақ жолына бастаған даңықты пайғамбарлардың бірі еді. Оны бір сайқал әйнлдің жасықсыз жала жабуымен сол замандағы зұлым патша , зынданға салып жазалайды. Сол зынданда патшаның екі нөкері Юсуппен бірге жатады.

Бір күні екі нөкер қатар түс көреді де, таласа тармаса , көрген түстерін Юсупке баяндайды. Бірінші нөкер:

- Түсімде жүзім бақшасында жүр екенмін. Жеміс ағаштарының басына , кәдімгі қанаты бар құстай ұшып - қонып қонақтап, жүзімдерді емін- еркін жеп жүрмін. Патша қасыма келіпті. Қолымда алтын тостақ бар екен. Соған шәрбат қойып, патшаға ұсынсам, патша маған ілтипат етіп, оң тізесін бүкті,-дейді.

Екінші нөкер:

 - Түсімде қолыма шарбақ ұстап жүр екенмін. Оның ішіне әр алуан жеміс- жидек, тоқаш толтырып алып, патшаға алып жара жатқан жолымда, ғайптан қалың қара құс қаптап келіп, шарбақтағы дәндерің түйірін қалтырмай алып ұшып кетті. Сол ұшқаннан ұшып қарасын көрсетпей кетті. Патша алыста тұр екен . Қолымды созсам жетеді. Түсімнен қатты қорқып ояндым,- деді.

Екі нөкердің сөзін бөлмей тыңдап отырған Юсуп екуінің түсін былай жорып берді.

Бірінші нөкерге:

 - Жақсы түс көріпсің. Анығын Алла біледі. Сені патша ұзамай зынданнан шығарып алады да , оң тізесін басқан , оң қол уәзірі етіп тағайындайды. Қанат бітіп ұшып жұргенің сол. Абыройың өсіп , мәртебең бірден көтеріледі. Ырызығың кеңіп, баяшат тұрмыс өткізесің. Жеміс- жйдектерді емін- еркін жеп жүргенің соның баяны. Бақытқа басың айналып, бақтан шалқып патшаның қасында жүргенде, түсіңді жорып берген мына Юсуп досыңды ұмытып кетпе,- деп жорыды.

Екіші нөкердің түсін:

- Сен, жаман түс көріпсің. Анығын Алла біледі. Патша сені крес ағашына шегелейді. Көзіңді қарға - құзғындарға шұқытып өлтіреді. Шарбақтағы дәндердің түйірін қалдымай қара құстардың жеп қойуы , дәміңнің тауылғанының баяны. Патшаға қолыңның жетпеуі- арманыңның орындалмауы ,- деп жорыды.

Юсуп пайғамбардың жорыған түсі айнымай келді. Біріші нөкер патаның оң тізесін басқан, оң қол уәзірі болды. Екінші нөкерді патша крес ағашына шегелеп, қарға- құзғынға жем етіп өлтірді.

Юсуп пайғампар жапа тартып , зынданда жалғасты жата берді. Күндер заулап өтіп жатты. Патшаның оң тізесін басқан оң қол уәзірі , бақытқа басы айналып, Юсупті ұмытып та кетті. Бір күні патша бір ғайып түс көрді. Түсінен уайымдап мазасы кетті. Сонымен бүкіл елдегі түс жорығыштарды жыйнап, патша түсін баян етті. Түсін дүрыс жорымағандардың басын алатынын ескеретті. Не бір ғұлама түс жорушылар патшаның түсін дұрыс жорып беріп, абырой тапқысы келіп асығып отыр. Дүйім ел толық жыйналған сәтте Патша түнде көрген түсін баян етті:

 - Мен, түнде түс көрдім. Бір ғайып іс көрдім. Кім түсімді дүрыс шешіп берсе, үлкен сый- құрмет жасап, хан ордама кеңісші етіп тағайындаймын. Егер қате жорыса , тап осы жерде ойланбай- ақ басын аламын.

Түсімде жеті арық сиыр келіп, жеті семіз сиырды жеп жатыр. Оның аржағында жеті тал сарғайып қурап қалған бйдай сабаны жатыр. Оның аржағында жеті тал бйдай көгеріп өсіп-өніп тұр. Бұл нені білдіреді. Қане, түс жорығыштар түсімді жорып көріңдер,- деп патша ғұламаларға тесіле қарады.

Патшаның мына түсін жоруға ешкімнің де батылдары жетпеді. Бәрі ойлап , кітап ақтарып жауап іздеп көрейік деп тарқасты.

Дәл осы кезде оң қол уәзірдің есіне Юсуп түсті де , патшадан ұрықсат алып, Юсупті патшаның алдына ертіп келді. Юсуп патшаның түсін былай жорыды:

- Е, патша ағызам , сізге Аллдан ашық аян келген екен. Алдағы болатын аппат пен келетін баяшат заманның көрісі көрінген екен. Түсіңізге кірген жеті арық сиыр- алда болатын жеті жылдың ауыр аппаты келе жатыр. Биылғы бар өнімді үнемдеп жеп , жеті жылға жеткіуіңіз керек. Келер жылдан басталған аппат қуаңшылық жерге өнім шығармайды. Астық тапшы болып, ел ішін ашаршылық жайлайды. Жеті арық сиырдың жеті семіз сиырды жеп жатуы соның баяны.

Ел ішіндегі кедейлерді байлар асырауы керек болады. Жеті тал қураған бйдай сабаны да - келе жатқан жеті жылдық ауыр аппатың көрнісі. Көгеріп көктеп тұрған жеті тал бйдай дәні жеті жыл өткен соң , болатын баяшат заманның баяны. Бұл сізге елді , халықты қалай басқарып, аппаттан аман алып қалуыңызға алдын ала берген Алланың ашық аяны екен,- деп жорып берді.

Патша, Юсупті елдің, мемлекеттің қазынасын басқаратын бас уәзір етіп тағайындады. Юсуптің жорыған түсі дүп келді. Жеті жылдық ауыр апаттан алдын ала сақтанып елді аман алып қалды.

Кейін "Юсуп пайғамбардың түс жоруы " деген кітап қалды. Ең алғаш түс жору туралы кітап Юсуп пайғамбардың кітабы болып табылады. Қазір де ел ішіне ең көп тарап мұсылманша түс жорудың үлгісі ретінде айтылып , тарап жүрген кітап та сол.

Егер, сіз түсіңізде Алланы және оның елшісі Мұхаммет пайғамбарды, құран аяттарын көрсеңіз оларды нақ көрдім деп ұйғарыңыз. Үиткені шәйтан басқаның бейесінің бәріне өзгеріп , түске кіріп әзезілдік жасай алады. Ал Алланың, оның елшісі Мұхамметтің және құран аяттарының бейнесіне кіре алмайды. Мұндай түстерді Алла тағала өзі жақсылыққа жорып қояды.