Қандастар Ассамблея

Бельгия Корольдігі «Шаңырақ» қазақ қоғамы

14.04.2021 220

Бельгия Корольдігіндегі «Шаңырақ» қазақ қоғамы.
Төрайымы: Әмірқұлова Ақмарал Тәліпқызы.
Қоғам 2008 жылы құрылған.
2009 жылы қыркүйек айында ресми түрде Бельгия Корольдігінде тіркелген.
(N129 International Comitetine )

Қоғамның мақсаты

Бельгияда тұратын қазақтардың және қазақстандықтардың (оның ішінде әр түрлі ұлттар бар) басын қосу. Қазақы ұлттық салт-дәстүрдi,өнерді, ана тілді сақтап қалу. Қазақстанмен арақатынасты кеңейтіп,, атамекендегі жаңалықтармен,оң өзгерістермен әрдайым хабардар болып отыру. Ұлттық мерекелерді бірігіп,атап өту. Жалпы Бельгияда 700-ге жуық қазақ, ал 3000-ға жуық қазақстандықтар тұрады.



Қандастар жыл сайын Наурыз мейрамын ұйымдастырады. Елшілікпен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді. Қоғамды Бельгияда 21 жыл тұрған Ақмарал Тәліпқызы басқарып келеді.
Ақмарал Тәліпқызы, 'Шаңырақ" қазақ қоғамының төрайымы
Ұлттық орталық мүшелері Бельгияда өтетін мәдени шараларға Қазақстан туын көтеріп,белсенді қатысып тұрады.
Мысалы: ұлттық спорт, ана тілі, табиғат тақырыптарындағы әр түрлі мәдени шараларға қатысады. (Шаралардан фотолар бөліп салу керек бірнеше жерден) Бельгияда қазақтардан өзге 180 ұлт тұрады. Осы көп ұлттарға туымызды көрсетіп, қазақ тілімізбен өнерімізді , атажұртымыз Қазақстан жайлы жан-жақты ақпарат беріп, арнайы таныстырылымдар жасаймыз. Бельгиялықтарды «Арал теңізі» мәселесі қызықтырады. Бұл тақырыпты жергілікті тұрғындар өздері бізге ұсынды, біз презентация жасап бердік.Енді олар Аралға көмек жинауға кірісіп жатыр.


Осыдан екі жыл бұрын «Шаңырақ» қоғамымыздың 10 жылдығын Наурыз мейрамымен қосып атап өттік. Тек Бельгия қазақтары ғана емес, оған бүкіл Еуропа қазақтары жиналды. 350 астам адам жиналған үлкен той болды.


Қазір қазақ тілін үйренуді «Отандастар қорының» көмегімен қолға алып келеміз. Аптасына екі рет қазақ тілі сабағын өзім өткізіп тұрамын. Қор жіберген қазақ тілі оқулықтарын балаларға таратып бердім. Қазақ тілін балалар ғана емес, олардың ата-аналары да үйреніп жатыр.
Қазағым қайда жүрсе де аман болсын!
Бельгия туралы,ондағы қандастар мен отандастар туралы ақпараттар керек болса,хабарласып тұрыңыздар.
Мекен-жайымыз: Turnhoutsebaan 455/42
2140 Antwerpen, Belgie
E-mail: kazakh.org.be@inbox.ru
Bankrekening: BE64 0016 0520 9752
Org. Register № 129

Ұқсас материалдар