Қандастар Ассамблея

Қазақ-Түрік білім беру және зерттеу қауымдастығы

07.06.2021 87

Ұйымдастыру және басқару

Қауымдастықты 2014 жылдың 3 шілдесінде Ыстамбұл қаласының Зейтинбурну ауданында тұратын 12 адам құрды.

Олар:

1.    Абдулкелам Тюркер

2.    Абдулселам Малкоч

3.    Ахмет Четинкая

4.    Байрам Гөксу

5.    Бурак Кахраман

6.    Ертолкын Гейнетуллах

7.    Хасан Инан

8.    Хүмейра Айча Дөнмез

9.    Кадрие пгюнеш

10.  Өмер Кесіжі

11. Сүлейман Өзтопрак

12. Шабан Серкан Динчтүрк

2014-2016 жылы аралығында қоғам төрағасы қызметін Фарук Аксел, ал 2016-2019 жылдары аралығында Шабан Серкан Динчтүрк басқарды.

2021 жылы 20 қаңтардың бастап қауымдастық төрағасы қызметін Ертолкын Гайретуллах атқарып келеді. Қоғам құрамында қайтыс болған және мүшеліктен шыққандарды қоспағанда, 75 мүшесі бар.

Қазіргі уақытта қоғамның төрағасының орынбасары Шабан Серкан Динчтүрк Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығының төралқа мүшесі болып табылады. Ал бір төраға орынбасары Эрол Йолжу «Атамекен» Іскерлік үйінің мүшесі.

   

Ұйымның мақсаты

Түркияда және әлемнің түрлі елдерінде және Түркияда тұратын қазақтардың бір-бірлерімен танысып, бір-біріне қол ұшын беру, ұлттық мәдениетімізді дамыту, ынтымақтастық пен ұлттық бірлікті нығайту, азаматтық қоғам қызметін жандандыру, осы мәселе бойынша жұмыс істейтін адамдармен ұйымдардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру. Сондай-ақ, Түркия мен Қазақстан арасындағы мәдени қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға үлес қосу, Түркиядағы қазақтарды бір орталыққа жинау олардың әлеуметтік жағдайын арттыру, Түркияның бизнес және түрлі салаларындағы мекемелермен қарым-қатынас орнатуға үлес қосу мақсатында құрылды.

 

Қоғамның қызметі

Қоғамның қызметі

Қауымдастық құрылғаннан бері Шығыс Түркістаннан Түркияға ұлы көші туралы 4 кітап шығарды.

2016 жылы 1 сәуірден бастап үш айда бір шығатын «Қазақ Елі»  атты журнал шығаруда, бүгінге дейін 20 сан шығарылды.

Журналдың негізін қалаушылар – Шабан Серкан Динчтүрк және Ертолкын Гайретуллах.  Журналдың алғашқы саны шыққаннан бері жауапты редакторы қызметін Ертолкун Гайретуллах атқарып келеді.

2014 жылы өткізілген қазақ құрылтайы, көптеген концерт, Наурыз бағдарламасы, конференция, мәдени сапарлар, домбыра үйірмесі жастарға арналған бағдарламалар өткізуде, шәкіртақы беріп, Отандастар қорымен біріге отырып қазақ тілі курсын өткізуде. Қоғам түрлі көмек көрсету шараларына белсенді түрде араласып келеді. Сонымен қатар әлемді жайлаған пандемияға байланысты қашықтау оқу үшін компьютері жоқ 75 оқушыға компьютер сыйға тартылды. Пандемия кезінде "Түркістан тойы" Түркі әлемі қатынастарын дамыту қауымдастығы және кәсіпкер азаматтардың қолдауымен мереке қарсаңындағы айтулы күндерде және Ораза айында күнделікті ыстық тағам, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнап оқу құралдары мен киім-кешек таратылды.

Іске асырылған шаралар  тым ауқымды болғандықтан, ұжымымз тарапынан іске асырылған іс-шаралару туралы толық ақпаратты www.katead.org.tr сайты мен Facebook және Instagram парақшасынан журналдардың pdf форматындағы нұсқасын ISSN ISSN 2528-9764 оқуға болады. 

Құрметпен,

Ертолқын Гайнетуллах

KATEAD Қазақ-Түрік білім және зерттеу қауымдастығының төрағасы

Мекен-жайымыз: Nuripaşa Mahallesi 55/3 көшесі Қазіргі заманғы бизнес орталығы №28 D: 51 Зейтинбурну

Телефон нөмері: +90 533 760 01 76

Электрондық почта: bilgi@katead.org.tr 

Ұқсас материалдар