Жаңалықтар

Қандай кофе ішесіз?

Ішетін кофеңіз мінезіңіз туралы ақпарат береді.
Қандай кофе ішесіз?
09.08.2017 09:15 4890

Экспрессо, латте немесе кофеинсіз кофе ме? Сіз туралы таңдаған кофеңіз не айтар екен?

Калифорния университетінің психология ғылымдарының докторы Рамани Дурвасула күнделікті ішетін кофеміз бізді тек қана сергітіп қоймай, мінезіміз туралы да көп мәлімет беретіндігін айтады.

Ол 1000 кофеқұмар адамның арасында зерттеу жүргізіп, кофе таңдауына байланысты олардың мінездеріндегі психологиялық ерекшеліктерін анықтаған.

Нәтижесіне көз жүгіртіп, өзіңіздің мінезіңізбен қаншалықты сәйкес келетіндігін тексеріп көріңіз.

 

Ешқандай қоспасыз қара, әрі ащы кофені таңдайтын адамдар көбіне өзін-өзі жақсы көру, өз мүддесін басқалардан жоғары қоюмен сипатталатын мінез-құлығымен ерекшеленеді.

Эспрессо ішетіндер негізінен талғампаздығымен, дүниетанымының кеңдігімен ерекшеленеді. Әдетте эспрессоны сүйіп ішетіндердің арасында табаны жерге тимейтін саяхатшылар көп.

Латте және сүті көп кофелердің өзге түрлерін әрдайым жаңашылдықтан қорықпайтын, өзгелерге көмектесуге дайын тұратын, жайлылық пен уақытын еркін басқара алатын адамдар таңдайды.

Капучиноны ұнатып ішетіндер өзгелерге қарағанда өзінің денсаулығына ерекше мән беретін, бәрін өзінің бақылауында ұстауға тырысатын жандар.

 

КОФЕДЕН ЖАСАСАЛҒАН КОКТЕЙЛЬДЕР

Кофеден жасалған суық коктейльдерді немесе түрлі карамель\кокос сынды сироптар қосылған кофені таңдайтын адамдар көбіне тәуекел етуден қорықпайды.

 

КОФЕИНСІЗ КОФЕ

Кофеинсіз  кофе ішетін адамдар әдетте өзінің денсаулығына аса мән береді. Олар өздерінің өмірлерін толықтай басқара алады. Әрдайым күтпеген жағдайлардан қорқатындықтан тәуекелге бара берейді. Сыртынан өзімшіл адам сияқты көрінеді.

 

ҚАЛТАШАДАҒЫ КОФЕ

Көбіне қалташадағы кофені өміріне жеңіл қарайтын адамдар таңдайды.

 

Дайындаған: А.МАРАТ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға