Жаңалықтар

Канадалық тұрғын бір сәтте 35 миллион долларға ие болды

Канадалық тұрғын бір сәтте 35 миллион долларға ие болды
Фото: globalnews.ca 24.06.2023 10:21 622

Канадалық Джаясингхе қызы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бір апта өткен соң Lotto Max ойынында 35 миллион долларлық джекпот ұтып алды, деп деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Globalnews.ca сайтының жазуынша, тұрғын Торонта қаласынан билет сатып алған. 

Айта кетерлікгі, канадалық 35 миллион доллар ұтқан жалғыз адам емес. Бұған дейін Британдық Колумбиядағы ерлі-зайыптылар да дәл осындай сомаға ие болған еді. Джаясингхе Канадаға көшкеннен бері лотерея билеттерін үнемі сатып алып келе жатқанын айтады. Ал Lotto Max билеттерін джекпот үлкен болған кезде ғана алған.

Мен «Лотто Макс» деген сөздерді айтқанда, әйелім қатты қуанып, күле бастады! Билетті бірге тексеруге бару үшін мен оны үйден алып кетуге бардым. Кейде болашағымыз үшін көп нәрсені құрбан етуге тура келген кездерді ойлаймын. Лотереяны ұту жақсы өмір сүру мүмкіндігін береді. Мен өз болашағымды құру үшін Канадаға келгеніме шексіз ризамын. Бұл шешім өмірімді өзгертетінін білдім, бірақ ешқашан бұлай жолым болады деп ойламадым. Енді біздің армандарымызда шек жоқ, - дейді ол.

Су жаңа миллионер енді ұтқан ақшасын жаңа үйге салуды көздеп отыр. Сондай-ақ, қызының оқу ақысын төлеп, саяхатқа шығуға, қайырымдылыққа жұмсаймын деп отыр. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға