Жаңалықтар

Камералық музыканың алтын парағы

«Форте-трио» ұжымы
Камералық музыканың алтын парағы
31.03.2017 16:21 3024

Қазақконцерттің әйгілі өнер ұжымыҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі пианиношы Тимур Урманчеев басшылық ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік «Форте-трио» триосыклассикалық өнерді сүйер қауымға «Камералық музыканың алтын парағы» атты жаңа жоба ұсынады. Тыңдарман керемет музыкалық бағдарламаны «Астана Опера» театрының Камералық залы саxнасында 5 сәуірде тамашалай алады.

Бүгінде «Форте-трио» тек Қазақстанда емес, сондай-ақ алыс шет елдерде ең танымал камералық-аспаптық ансамбль болып табылады. Оның құрамында Қазақстанның Мемлекеттік симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы Еркебулан Сапарбаев, виолончельші Мұрат Нарбеков және атақты пианиношы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев сынды классикалық музыканың шеберлері бар.

Әдетте музыканттар концерттік бағдарламаларында орындау мәнерінің асқан шеберлігіне жүгініп, көпшілікті әлемдік музыка мәдениетінің аса көрнекті жауhарларымен сусындатады. Жаңа бағдарлама классикаға табынушы қауым үшін анағұрлым танымал hәм сүйікті туындылардан: Ф. Шуберттің №2 ми бемоль мажор фортепианолық триосы және Ф. Мендельсонның №2 до минор фортепианолық триосынан тұрады.

– Біздің мақсат – тыңдарманды аса көрнекті композиторлардың камералық құрамға арнап жазған ең ауқымды туындылар тізбегімен таныстыру. Триоға арналған репертуар ауқымы зор, осы орайда біздің жолымыз болды деп есептеймін. Құрамында осындай алуан түрлі әрі мүмкіндігі жағынан өте бай аспаптар енген ансамбліміз, көрерменге әсер ете алатын мықты күшке ие. Мұндай тамаша, мәнерлі музыканы орындай алатынымызға қуаныштымыз. Біз бұл жолы, камералық музыканың тағы бір парағын ауыстырып, Ф. Шуберттің №2 фортепианолық триосына – композитор шығармашылығының шарықтау шыңына тоқталамыз. Аталған Трио, Шуберттің көптеген туындылары іспеттес ұлы композитордың күрделі де терең өмірлік философиясын паш етеді. Айталық, бұл шығарманың екінші бөлігі, адам айтқысыз мәнерлі де керемет әсемдігінің арқасында бүгінде әлемдегі камералық-аспаптық мәдениеттің анағұрлым танымал үлгілерінің бірі болып табылады. Тамаша сазгер және асқан шебердің бағдарламаға енген келесі туындысы да өте танымал әрі қызық - Ф. Мендельсонның №2 до-минор фортепианолық триосы. Асқақ өнерді сүйер қауым біз сүйсінетін бұл шығармаларды жақсы қабылдайды деген үміттемін, – дейді ойын түйіндеген «Форте-трио» жетекшісі  Тимур Урманчеев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға