Камала Харрис президенттікке үміткер болуға ниетті екенін мәлімдеді
АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Камала Харрис болашақта ел президенті болу мүмкіндігін жоққа шығармады. Ол бұл туралы BBC телеарнасының «Жексенбі күні Лора Кюнсбергпен» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады El.kz интернет порталы.
Саясаткердің айтуынша, ол міндетті түрде бір күні әйел адамның АҚШ президенті болатынына сенімді.
Менің жиен қыздарым өмірлерінде міндетті түрде әйел президентті көреді, - деді Харрис.
Бағдарлама жүргізушісі одан «сол әйел өзіңіз болуыңыз мүмкін бе?» деп сұрағанда, Камала Харрис: «мүмкін» деп жауап беріп, президенттік сайлауға қайта қатысу нұсқасын қарастырып жүргенін растады.
Дегенмен ол әзірге нақты шешім қабылдамағанын айтты.
Мен саясаттағы болашағымды әлі де көремін. Мен әлі аяқтаған жоқпын. Менің бүкіл өмірім – халыққа қызмет ету. Бұл – менің болмысымда бар қасиет, - деді бұрынғы вице-президент.
Камала Харрис 2020 жылы Джо Байденнің серіктесі ретінде сайлауға түсіп, АҚШ тарихындағы тұңғыш әйел және афроамерикалық вице-президент атанған еді. Енді ол саяси мансабын жалғастыруға дайын екенін білдірді.

