Жаңалықтар

Қалдыбай Абдуллиннің редакторлық шеберлігі

Қалдыбай Абдуллинің шығармашылығы
Қалдыбай Абдуллиннің редакторлық шеберлігі
15.09.2017 11:16 5583

Қалдыбай Абдуллин – есімі қазақ журналистикасы тарихынан елеулі орын алатын алатын сан қырлы талант иесі. Қазақ журналистикасының дамуына сүбелі үлес қосып, ана тіліміздің өркендеуіне игі ықпал еткен, әдебиетімізге де етене араласып, сыршыл ақындығымен танылған Қ.Абдуллин жайлы білетіндер некен-саяқ.

Оның есімінің аз аталуының, шығармашылығының енді-енді зертеле бастағанының себебін көрнекті жазушымыз, марқұм Б.Қыдырбекұлының «Алатау» романының бірінші кітабынан (Қыдырбекұлы Б. «Алатау». Роман. А., 1989, 1-кітап, 217-218-беттер) аңғарған едік. Онда аздасушылықпен Қалдыбай эсер партиясы жағында болғаны айтылады. Алайда, О.Жандосов, Т. Бокин, тағы басқа да қайраткерлермен қызметтес болғаннан соң көзі ашылып, саналы түрде еңбекшілер жағына шығады. Қалың бұқараға қолынан келгенше қамқор болуға, солардың жоғын жоқтап, намысын жыртуға, жақсы да жарқын болашақ, бейбіт өмір үшін күресуге бел байлады. Осыдан кейін-ақ оның журналистік, қайраткерлік еңбек жолы бір арнаға түседі. Ол игілік үшін, ізгілік үшін тек қаламымен ғана күреспейді, сондай-ақ, ел тыныштығы, бостандығы жолында қайраткер ретінде де нелер асулардан сүрінбей асып, бел шешпей күрескенін деректерден біліп отырмыз. Өмірінің соңына дейін халқының мақсат-мүддесі жолында қауіп-қатерден тайсалмай, табанды күрескер болды. Қ. Абдуллин жөнінде Б. Қыдырбекұлы өз романында жалпы айтып өткенмен, оның өмірінен нақты мәліметтер келтіре алмаған. Әрине, көркем шығарма болғандықтан авторға пәлендей кінә арта қою да қиын. Ал ғалым ретінде оның шығармашылығын зерттеп жүрген профессор Т. Қожакеевтің еңбегі атап өтерліктей. Қалдыбайдың журналистік өміріне байланысты зерттеу ісі содан басталып, жандана түскендей. Мәселен, ғалым кейіпкері жөнінде «Ол әрқилы жанрда жазып, тұрмыстық тақырыптардан бастап, ірі-ірі саяси, экономикалық мәселелерге дейін қозғап отырған. Көп материалдары проблемалы болып келді. Алайда, осы адамның есімі күні бүгінге дейін қазақ баспасөзінің тарихына енгізілмеген, алғашқы өкілдерінің санатына қосылмаған» (Қожакеев Т. «Жоқшысы жоқ журналист», «Жас алаш», 22 қазан, 1992 ж.) деп шын өкінішпен, жанашырлықпен жазды. Бұл материал біраз кісілерге де қорғау салып, абзал азамат туралы құнды-құнды деректердің жинақталуына түрткі болған. Жамбыл облысынан хат жолдаған зейнеткер Сауран Әбдіқадырова былай деп жазады: «Мен алғаш Қалдыбай Абдуллин атамыздың атын қадірменді жазушымыз Б. Қыдырбекұлының «Алатау» романының бірінші кітабы басылып шыққаннан кейін, сол кітапты оқи отырып білдім. Атамыздың аты аталған беттерін көрсетіп Балғабек мырзаға 1989 жылы наурыздың 22-і күні «Алматы ақшамы» арқылы Қалдыбайдың қандай қызмет істегені, тағдырының не болғаны туралы толық мәлімет беруін сұрағанмын. Ол кісі өзінің жауап хаттарында (14 қазан, 22 қараша, 9 желтоқсан 1989 жыл) Қалдекеңнің тағдыры туралы ешнәрсе білмейтінін, тек аты-жөнін «Тілші» газетінен, архивтен кездестіргенін, ол кісімен бірге істеген азаматардың қайтыс болып кеткендігін айтып, сол Қалдекең туралы білетін деректерімді жазып жіберуді сұраған. Бірақ мен де атам туралы аз білетінмін. Ел Қалдыбай «халық жауы» болып кеткен деп есімін атауға да қорқатын. Енді «Жас алашқа» жазылған аяулы азаматымыз Т. Қожакеевтің мақаласы ой салып, ауыл қарттарынан сұрайын деп М. Нүсіпов (1906 ж. туған), Қ. Оразбаев (1911 ж. туған), С. Шубаев (1910 ж.туған) сияқты көп жасаған ақсақалдармен ұшырасып кеңестім. Қариялардың көргендері, естігендері, білетіндері жөнінде біраз мәлімет алдым». Сөйтіп, Қалдыбайды зерттеуге тек ғалымдар, журналистер ғана емес, ауылдың азаматтары жерлестері де үлкен үлес қосты»,- дейді Нұрлан Қалқа өзінің Қалдыбай туралы еңбегінде. Қалдыбай тұлғасының қалыптасуы бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарымен тұстас келді. 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды соғыс. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша  біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық  бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай - 8,4%-ға, тары - 22,1%-ға, картоп - 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әр десятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтқа дейін төмендеді. Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл енгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің және тұқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мұндай көріністер байқалып тұрды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Оған сан және сапа жағынан үлкен зардап келтірді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Мәселен, Ішкі Ордада 1915 жылы жылқы саны 310,3 мың болса, ал 1916 жылы 160,2 мың болып, үлес салмағы жөнінен 48,5%-ға кеміп кетті. Маңғыстау уезінде, Сырдария мен Жетісу облыстарында да осындай көріністер байқалды. Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы, бірінші кезекте, мал жайылымдық алаптарды тартып алу салдарынан зардап шекті. 1913-1917 жылға дейін қазақ халқынан жалпы көлемі 764,4 мың десятина жайылымдық алқаптың жылқы - ірі қара жайылатын 190 жайылымы тартылып алынды және жалға алуға даярланды. Мал санының қысқаруы, ең алдымен, қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге міндетті болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Өйткені қазақ шаруашылығында мал саны жылдан-жылға азая берді. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті. Осы жылдарда Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы, 13 мың түйе әкетілді. 1914 жылдың ішінде  Жетісудан ғана 34 миллион сомның малы мен мал өнімдері тасылып әкетілді. Қазақ шаруашылықтарында малды реквизициялау және жылқы малын есепсіз пайдалануға байланысты мал санының қысқаруы село мен ауылда шаруашылықты қалыпты жүргізуге кері әсер етті. Жылқы малы әсіресе солтүстік облыстарда азайып кетті. Соғыс жылдарында армияны жабдықтау үшін мол мөлшерде азық-түлік даярлау, мал және ет өнімдері бағасының өсуіне әкеліп соқты. Осыған байланысты бұл кезеңде өлкеде анағұрлым арзан ет беретін сала -  шошқа шаруашылығы жедел дами бастады. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған соң, Қазақстан өнеркәсібі де соғыс қажеттері үшін жұмыс істеді. Өлкедегі кен өнеркәсібінің маңызды салаларының бірі Успен және Сасық-Қарасу кеніштерінен темір кенін өндіру арта түсті. Бұл кеніштерден 1914 жылы – 246 пұт, ал 1916 жылы – 1551 пұт темір кені өндірілді. Соғыстың үш жылы ішінде темір кенін өндіру 6,3 есе ұлғайды. Салықтардың жоғарылығынан, қатынас жолдарының қашықтығынан, құрал-жабдықтардың жетіспеуі салдарынан және басқа себептерден алтын кеніштерінің саны қысқарды. Түсті металлдарға деген қажеттіліктердің артуы және олардың бағасының күрт өсуі соғыс жылдарында түсті металлургияның, әсіресе, Риддер және Сокольский кеніштерінің дамуына түрткі болды. Түсті рудалар өндіру 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 25,3 есе өсе түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында мыс рудасын негізінен “Спасск мыс рудалары” акционерлік қоғамы мен “Атбасар мыс кендері” акционерлік қоғамы өндірді. Бірақта, мыс кенін өндіру жылдан-жылға кеми берді. Жер қойнауын  жыртқыштықпен пайдалану “Спасск мыс кені” акционерлік қоғамының Успен кенішіндегі барлық бай кенді (құрамындағы мыс 25%) алып қоюына әкеп соқты. Соғыс жылдарында Сарысу байыту фабрикасы салынды. Ол революцияға дейін құрамында 25-30% мыс бар 128 мың пұт шикізат өндірді. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың, қалалардағы еңбекшілердің жағдайы күрт нашарлады. Кәсіпорындарда жас балалардың, жасөспірімдердің, әйелдер мен соғыс тұтқындарының еңбегі кеңінен қолданылды. Жұмысшылар тәулігіне 10-12 сағат, ал кейде 16 сағаттан жұмыс істеді. Жұмысшылардың нақты жалақысы үнемі төмендей берді. Мәселен, Спасск зауытында 1914 жылы күндік жұмыс үшін – 1 сом 04 тиын, 1915 жылы – 94 тиын төленді. Мұндай жағдай өнеркәсіп орындарында барлығында дерлік болып жатты. Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахталарында, Орынбор, Ташкент және Транссібір теміржолдары жұмысшылары арасында бас көтерулер мен ереуілдерге алып келді. Тіпті, соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көтеруінің бірі “әйелдер бүлігі” дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсылық деп қарады. Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бұл әрекеттер айтарлықтай жетістіктер бермей Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс басылып-жаншылады. 7 қыркүйекте Верный қаласында Верный әскери гарнизонының соты болып, көтеріліс басшыларының бірі Б.Әшекеевті өлім жазасына кесіп, дарға асу туралы үкім шығарды. Соттың үкімін облыстың әскери губернаторы Фольбаум нақ сол күні бекітіп, үкім бір күннен соң, яғни 1916 жылғы 9 қыркүйекте Верныйдың жанындағы Боралдай деген жерде орындалады. Осындай сұрапыл жағдайларда елдігімізді сақтап қалу Қалдыбай секілді азаматтардың қолында болды. Зерттелмей тасада қалуының себебі де сол шығар. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорынан «Тілші» (қазіргі Алматы облыстық «Жетісу») газетін алып қарағанда, журналистін көптеген мақалаларын кездестіруге болады. Қ. Абдуллин қай тақырыпты болсын тереңінен қозғай алатын, қаламы жүйрік, ойы ұшқыр, кең тынысты журналист. Ол Алматыда шығып тұрған Жетісу облыстық атком және партия обкомының қазақ-қырғыз тіліндегі «Тілші» газетіне 1922-1926 жылдары, сондай-ақ, 1921 жыл Алматыда «Кедей еркі» деген атпен жетісіне бір рет шыққан газетте үзбей материалдар жариялап тұрған екен. Тек бұл басылымдармен ғана шектеліп қоймай, тұрмыстың сан түрін қозғайтын мақалаларын «Көмек», «Ақ жол» (Ташкент) атты газеттерге де жолдап, үздіксіз ізденіс үстінде болған. Олардың бетіндегі алуан-алуан материалдары мен лирикалық өлеңдері жарияланған. Шыны керек, оның шығармалары, әсіресе, ақындық, журналистік лабораториясы, шеберлік қырлары құпиялығымен бізге таңсық. Журналист еңбегіне жіті үңілу себебіміз де осыдан деп ұққан жөн. Күнделікті баспасөзде әсіресе, «Тілші» газетінде жиі-жиі мақалалар жариялап, көбіне-көп оларды «Қасқарау», «Қалды» деген бүркеншік атпен, кейде «Қалдыбай» деп қана өз есімімен беріп отырған.  Бұл мақалаға ақын, журналист, азаматтық өмірін, қызметін, отбасын, балалық шағы, білім алған ордасы, т.б. жайындағы деректерді жинастырылған. Ең бастысы, журналисттің суреттері, хаттары, күнделік, жазбалары, тағы басқа да құжаттарын тауып, кәдеге асырып Қалдыбай мұрасын қажетті жерлерге басып шығару жағын қарастыру қажет. Ол көшпелі халықты қоныстандыру, мектеп ашу, колхоз құру сияқты аса жауапы жұмыстарға шын ниетімен атсалысқан. Мысалы, Қасық ауылының құрылуы тікелей оның есіміне байланысты екендігін көнекөз қариялар естелегінде жазды да. Т. Қожакеевтің «Жоқшысы жоқ журналист» деген мақаласынан кейін көп ұзамай газет редакциясына зейнеткер Сауран Әбдіқадырұлынан хат келіп түсті. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Черноречка ауылының бұл тұрғыны жампоз журналист жөнінде біраз мәліметтер берді. Сонымен бірге республикалық басылымда және бір материал жарияланысымен сыр шерткен оқырман лебізімен мақала авторының (Қалқа Н. «Қасқарау» деген кім?», «Жас алаш», 1.12.1992 ж) танысуға мүмкіндік туды. Оны Қалдыбай Абуллинің туған ағасы – Молдыбайдың баласы Әндем жазған екен. Онда келтірілген кейбір мәліметтерден Қалдыбайдың туған жылын, қашан қайтыс болғандығын, туып-өскен, ауыл-аймағын білуге болды. Сонымен бірге журналистің туған жері Алматы облысы, Жамбыл ауданы Шилібастау стансасына арнайы іссапармен барып, сол ауылда тұратын Әндем Молдыбаевтың үйінде болып, әңгімесін жазып алып қайтқан Нұрлан ағамыз  Қалдыбайдың бірнеше суретін көріп, отбасы, ата тегі, қызметі мен өмірбаяны жөнінде біраз жайтқа қанық болып қайтқан.  Сол іссапардан «Қалдыбайдың әулеті» («Жас алаш», 6.05.1993ж) деген материал жазылып, жарияланды. Оқырмандар журналист туралы тың деректермен танысты. Қазір Қ. Абдуллин жөнінде біршама факті, естеліктер, фотосуреттер жиналған. Оқырман қауымның ұмыт қалған азаматымен қайта қауышқандай күй кешкені хақ. 1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді. Осы заңдардың қалыптасуы да оңай болмаған секілді. Тынымсыз ізденіс пен жүйелі еңбектің арқасында «Қалдыбайдан не қалды» деген мақаламен бірге, журналистің «Ұлпан Қарияұлы» атты материалы (Қалқа Н. «Қалдыбайдан не қалды», «Жетісу» 12.01.1993ж) жарияланды. Журналист жайлы білетіндер болса, редакцияға немесе мақала авторына хабарласуын өтінген мақаладан кейін де, біраз іс алға жылжыған екен. Архивтен алынған, басылымдардан келтірген естеліктер мен журналистің етжақындарынан жазып алған деректердің негізінде үлкен зерттеу материалы (Қалқа Н. «Қалдыбай Абдуллин», «Жас алаш», 13.04.1993ж) жарияланғаннан кейін. Журналистің әулетінен тарайтын ұрпақтар редакцияға телефон шалып, ыстық ықыластарын білдірсе, газеттің бұрынғы қызметкері, сол кездері қалалық әкімшілікте қызмет атқарып жүрген Мұрат Төлеев, зерттеуші Т. Бейісқұлов редакцияға келіп, мақала авторына жолығып, алғыстарын айтты. Халық ұлы жайындағы зерделі зерттеу, сөйтіп, көпшіліктің көңіліне жағып, көкірегіне жол тапқан десек, артық айтқандық емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға