Жаңалықтар

Кафеден қайтқан астаналықты көшеде тонап кетті

Кафеден қайтқан астаналықты көшеде тонап кетті
Фото: Видеодан кадр 20.01.2024 18:35 996

Астанада кафеден үйіне қайтып бара жатқан тұрғынды көшеде белгісіз жігіт тонап кеткен. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға жәбірленушінің өзі хабарласқан. Айтуынша, оқиға кафеден шығып, Дүкенұлы көшесінің бойында үйіне қайтып бара жатқан сәтте болған. Оған бір жас жігіт келіп, ұялы телефонын беруін талап еткен. Артынша беруден бас тартқан жәбірленушіні ұрып-соғып, «iPhone» маркалы ұялы телефонын тартып алған.

Оқиға: 

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталған. Ол ұрланған телефонды көшеде кездесоқ кетіп бара жатқан адамға сатып үлгеріпті. Полицейлер ұрланған телефонды заңды иесіне қайтарды.

Елорда полиция хабарлауынша, қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті жас жігіттің қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға