Жаңалықтар

Күзгі жиын-терін. 423 мың тоннадан астам дизель жете ме?

Күзгі жиын-терін. 423 мың тоннадан астам дизель жете ме?
Фото: kyzylorda-news.kz 27.08.2022 08:51 1209

Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу барысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов Ақмола облысына 83 мың тонна дизель отыны бөлінгенін айтты, деп хабарлайды EL.KZ.

Ағымдағы сәтте дизель отынын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына тиеп-жөнелту график бойынша жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні күзгі жиын-терін жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына мұнай өңдеу зауыттарында 1 тоннасы үшін 222 мың теңге (184 теңге/литр) бағасы бойынша 423 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, бұл өңірге байланысты бөлшек сауда бағасынан орта есеппен 15-25% - ға төмен.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу нарығын реформалау бөлігінде мынадай шаралар пысықталуда:

- байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы алаңын, жанар-жағармай материалдарға деген қажеттілігін көрсете отырып, аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру;

- отын тарату үшін электрондық-ақпараттық жүйені енгізу, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мұнай базаларынан немесе ресурс ұстаушылардан мұнай өнімдерін өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға