Жаңалықтар

Көші-қон заңнамасын бұзған 137 шетелдік жауапқа тартылды

Тәртіп бұзушылық жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу шеңберінде анықталды
Көші-қон заңнамасын бұзған 137 шетелдік жауапқа тартылды
Фото: 24.kz 30.06.2022 11:01 2565

Ақмолада көші-қон заңнамасын бұзған 137 шетелдік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Көші-қон процестерінің криминогендік жағдайға қолайсыз әсерінің ықтимал тәуекелдерін төмендету мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында «Нелегал-2022» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу шеңберінде Ақмола полицейлері көші-қон заңнамасы бұзушыларын анықтайды.

Тәртіп сақшылары шетелдіктердің елорда маңындағы аумақта болуын, олардың шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңнама талаптарын сақтауын бақылайды, заңсыз көшіп-қонушылар мен ішкі істер органдарында уақтылы тіркелмеген тәртіп бұзушыларды анықтау үшін рейдтер жүргізеді.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері 218 әкімшілік хаттама толтырды.

Шақырылған шетелдіктер Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша 137 шетелдік жауапкершілікке тартылды.

Шетел азаматтарына тұрғын үй бергені және ішкі істер органдарын олардың келгені туралы уақтылы хабардар етпегені үшін 57 қабылдаушы адам жазаланды. Бұдан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін Ақкөл, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Астрахан, Бурабай, Ерейментау, Аршалы, Шортанды аудандарынан, Біржан Сал ауданынан және Көкшетау қаласынан 24 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен алты шетел азаматын шығарып жіберу туралы шешім қабылданды, 16 шетелдікке болу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, 28 маусымда Көкшетау қаласы Полиция басқармасы мен Бурабай ауданының ПБ қызметкерлері облыс орталығы мен Щучинск қаласында салынып жатқан объектілерде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған Өзбекстан Республикасының 18 азаматын анықтады. Екі дерекке сәйкес ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға