Жаңалықтар

КҮШ-ЖІГЕРДІ БІРІКТІРУ - ОРТАҚ МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУДІҢ КЕПІЛІ

КҮШ-ЖІГЕРДІ БІРІКТІРУ - ОРТАҚ МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУДІҢ КЕПІЛІ
31.10.2018 12:35 2302

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Орталық Азия ғылыми-сарапшылық кеңесінің өңірдегі этноәлеуметтік үдерістер мен этномәдени диалог мәселелері бойынша кеңейтілген отырысы өтті. Жетекші сарапшылар пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты және Орталық Азия елдерінің ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Пікірталас қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар қарар қабылдады, онда Орталық Азия өңірінің орнықты дамуын, тұрақтылығын және өркендеуін қамтамасыз ету – бірлескен күш- жігермен қол жеткізуге болатын ортақ міндет екендігі атап өтілді. Құжатты қабылдау бойынша сарапшылар конференцияның маңыздылығы туралы пікірлерімен бөлісті.

Катрин Пужоль – Францияның IFEAC Орталық Азия зерттеу институтының өңірлік директоры (Бішкек, Қырғызстан)   

Менің ойымша, бұл Орталық Азия мен Еуропадан бір алаңда барлық сарапшыларды жинаудың тамаша идеясы. Қатысушылар арасында тәжірибе алмасу – маңызды сәт, өйткені бұл жаңа үрдістермен және осы жылдар ішінде атқарылған істермен танысуға мүмкіндік береді.

Игорь Нагель – Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы Қор өкілдігінің жобалары бойынша үйлестіруші

Бірнеше қызықты баяндамалар болды, мен өзім Қазақстан аумағында этносаралық топтардың өмір сүру тақырыбымен айналысамын. Мен үшін бұл тақырып болашақта іс-шаралар ұйымдастыруға қызықты дүние болмақ. Көптеген сұрақтар, мысалы, «Тілдің орташаланған нысандарын құру» сияқты тақырыпта жақсы қарастырылды. Бұл қазірдің өзінде қалыптасқан, мұны неміс тілімен салыстыруға болады, оңтүстікте диалект нысандарын пайдалану айрықша байқалады, бәрі «Hochdeutsch» сөйлейді, бұл орташаланған түрі. Менің ойымша, бұл өте табысты іс-шара, оның тақырыбын одан әрі дамыту керек.

Шерали Ризоён – Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Талдау және ішкі саясатты болжау стратегиялық орталығының басқарма басшысы, саясаттану ғылымдарының кандидаты (Душанбе, Тәжікстан) 

Отырыстан өте жағымды әсер алдым. Менің ойымша, мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізілуі тиіс. Бұл отырыс басқа мемлекеттердің тәжірибесін зерттеуге, ең алдымен өзара түсіністік, мәдениетті өзара біріктіру процесін жолға қоюға мүмкіндік береді. Жалпы, қоғамның үйлесімді дамуы үшін қажет. Бірінші кезекте мемлекеттердің тәжірибесін зерттеу қажет. Бүгінгі іс-шараның контекстінде өте қызықты, өміршең жолдаулар ұсынылды, ол сайып келгенде елдер арасындағы өзара байланысты дамытуға, нығайтуға, соның ішінде Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ете алады.

Шерзод Пулатов – Астана қаласының «Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы

Іс-шара өте жоғары халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Бұл жерде көрші Өзбекстаннан келген бес ғалымнан тұратын делегацияны көру қуантарлық жайт. Менің ойымша, осы отырысқа қатысушы мүшелердің көтерген барлық мәселелері бүгінгі таңда өте маңызды және өзекті. Конференцияда жастармен байланысты мәселелерге көп көңіл бөлінді, осы саладағы шетелдік сарапшылардың тәжірибесі мен пікірлері Қазақстан Республикасының, Орталық Азия өңірінің және бүкіл әлемдік қоғамың жүргізіп отырған жастар саясатындағы маңызды үлес болып табылады.

Шахноза Мадаева – М. Улугбек атындағы Ұлттық университетінің логика және философия кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, пофессор (Ташкент, Өзбекстан)

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі ғылыми зерттеулер, әдіснама бойынша өте жоғары деңгейде жұмыс істейтіні қуантады. Интеграция, жастар, өңіраралық жақындасу проблемасы – бұл бізді келешекте күтетін мәселелер. Біз бұл мәселелерді дұрыс ғылыми жолмен қаншалықты дер кезінде шешетін болсақ, Орталық Азияның болашағы осыған байланысты болмақ.

Татьяна Дронзина – Әулие Климент Орхидский атындағы София университетінің саясаттану профессоры, халықаралық санаттағы тренер-медиатор (София, Болгария)       

Отырыс өте жоғары деңгейде өтті. Тәжірибе, пікір алмасу үшін ғалымдар, саясаткерлер мен практиктер бір орынға жиналды.

Чу Янг Мин – Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты (Cеул, Оңтүстік Корея)

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық кеңестің конференциясына алғаш рет қатысып отырмын. Менің диссертациялық жұмысым ҚХА-мен байланысты. Осыған байланысты менің мақсатым – Қазақстанның көпұлтты және мультимәдени мемлекет ретіндегі тәжірибесін зерттеу және талдау. Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңесі отырысының рөлі өте маңызды, өйткені қандай да бір проблеманы шешу үшін оны зерттеу, талқылау қажет. Менің ойымша, мұндай іс-шараны өткізуге байланысты мемлекеттік бағдарлама жақсы нәтиже береді. Мұндай кездесулер сарапшылардың пікір алмасуы үшін өте қажет. Мен Қазақстанға этносаралық келісімді орнату есебінен елде мәдениетті қалыптастыру процесі қалай жүріп жатқанын көру мақсатында оқуға келдім. Бұрын Корея моноэтникалық мемлекет болған еді. Бүгінде ол көпмәдени қоғамға айналуда, сондықтан бізге басқа елдердің, атап айтқанда Қазақстанның тәжірибесі қажет. Бізде Америка, Канада сияқты елдердің тәжірибесі бойынша материалдар бар. Бірақ, менің ойымша, қазақстандық модель ерекше. Ол бізге көп ұзамай мультимәдени қоғамға айналуға көмектесетініне сенімдіміз.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға