Жаңалықтар

КӨСЕМ БАЛА

Қалмақ пен қазақтың соғысып жүретін заманында,бір соғыста қалмақ казақты жеңіп, қазақтардың жылқыларын алып кеткен.
27.08.2014 16:48 3905

Қалмақ пен қазақтың соғысып жүретін заманында,бір соғыста қалмақ казақты жеңіп, қазақтардың жылқыларын алып кеткен. Қалмақтар жылқыны алып барған соң, артынан қазақтар кісі жіберген, ол жіберген кісіге қалмақтың қаны айтқан: «Қазақ сендерден үш ауыз сөз сұрайын, сол сұраған сөзіме жауап тауып берсеңдер, жылқыларыңды қайтарамын», –   деген. Сол сөзді жіберген кісі еліне айтып келген. Қазақтан баратын адам шыға алмаған, егер барған адам жауап бере алмаса, қалмақтың қаны басын алатын болған соң.

Қалық жиылып бір адам да бара алмай, сасып тұрғанда, бір жас бала келіп, қалмаққа жауап беруге мен барамын деген. Бір адам табылмай тұрған қазақ қалқыбалаға, барсаң бар де- сіп қаулы қылысып, жібермекші болған. Сонда бала айтқан:

«Маған бір түйе, бір ешкінің текесін əкеліп беріңдер», – деп. Қалық сұрағанын тауып берген.

Сол нəрсе мен құралды сайлап алып, жалғыз өзі жүріп кет- кен, жолда келе жатып бір аз қалыққа жолығып, менің жолым- да кімдер бар деп сұраған, калық балаға баратын жолында бір білгіш данышпан адам бар, соған, соға кет деген. Бала жолда кез болып, Данышпанның үйіне келіп, сырттан сөйлес қылып тұрған. Данышпан: «Балам, түс. Тапсам қонақ асыңа бір қой, таппасам екі қой сойып беремін», – деп үйіне қондырып, бала- ны тамаққа тойдырып, жақсылап жайлап жатқызады. Ертеңіне баланы жөнелттірерінде, бала данышпаннан сұраған: Мен қалмаққа жауап беремін деп бара жатсам да, сіздің кешегі бір сөздеріңізге түсіне алмадым деп, сонда данышпан айтқан: «Сіз- ге тапсам бір қой сойамын дегенім: бойдақ қойым иə қысыр қойым болса, соны сойармын деп едім, егер таппасам, екі қой сойармын дегенім: буаз қой сойармын дегенім еді. Сол уақытта маған жолдас боларлық адам екен деп, қалмаққа бірге ертіп алып кеткен. Жолда бірнеше күн жүріп, қалмақтың шəріне жақындап келіп, кірейін деп келе жатса, қалмақтың шəріне кіретін жолына абайға қойған көп иті бар екен. Бұларға қарсыласып жібермеген соң, бəрін де бала атып, қырып тастап, кіріп келе жатса, иттің бəрін қырып біреу келеді деп қанға қабар барған. Қан шақырып көрсе, жауап бере келген қазақ ба- ласы екенін көрген. «Сен баласың, еліңнің үлкені қайда?» – де- ген. Бала: үлкен десең, түйе əкелдім деген. Қан: ақсақалыңды айтамын деген. Бала, ақсақал десең, ешкінің текесін əкелдім, сақалы бір кез деген. Қан, жоқ, олай сөйлеме, адамдарыңды ай- тамын деген. Бала, адам десең, өзім келдім деген. Қан: тіліңді тəңір кессін деп, жауаптан тоқталып, сөзін қойған.

А.Байтұрсынұлы / «Ел - шежіре»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға