Жаңалықтар

Көркем гимнастика. Шымкентте өткен чемпионатта астаналықтар топ жарды

Жарысқа Халықаралық дәрежедегі төреші – Фотина Елена Вадимовна төрешілік жасады.
Көркем гимнастика. Шымкентте өткен чемпионатта астаналықтар топ жарды
Фото: дереккөз 14.10.2022 08:39 1935

Көркем гимнастикадан Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогына 400-ге  жуық спортшы 2 жас ерекшелігі бойынша жекелей және көпсайыс түрінен қатысты, деп хабарлайды EL.KZ.

​Көпсайыстан Қазақстан Республикасының Кубогында спорт шеберлігіне кандидаттар арасында астаналық гимнастшылар Ерекешова Ақмарал 1-орынды және Кушербаева Дария 2-орынды иеленсе, шымкенттік гимнастшы Бақытжанқызы Зере 3-орынды иеленді. 

Ал, спорт шеберлері арасында астаналық гимнастшылар Бакатова Сабина 1-орынды және Байленова Дильназ 3-орынды иеленсе, Шымкенттік гимнастшы Парфилова Милана 2-орынға табан тіреді.

Жекелей көпсайыстан Қазақстан Республикасының чемпионатында спорт шеберлігіне кандидаттар арасында:

Құрсау: Ерекешова Ақмарал (Астана) - бірінші орын, Ренскова Камилла (Алматы) - екінші орын, Кушербаева Дария (Астана) - үшінші орын.

Доп: Ерекешова Ақмарал (Астана) - бірінші орын, Бақытжанқызы Зере (Шымкент) - екінші орын, Кушербаева Дария (Астана) - үшінші орын.

Булава: Ерекешова Ақмарал (Астана) - бірінші орын, Ренскова Камилла (Алматы) - екінші орын, Бақытжанқызы Зере - үшінші орын.

Лента: Куряченко София (Астана) - бірінші орын, Бақытжанқызы Зере (Шымкент) - екінші орын, Васильева Валерия (Астана) - үшінші орынды иеленді.

Жарысқа Шымкент қаласы әкімінің орынбасары – Исахов Мақсұт Пернебайұлы, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы – Тұманбаев Бауыржан Қалмұхамедұлы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Майра Мұхамедқызы, Қазақстан гимнастика федерациясының президенті - Юсупова Әлия Мақсұтқызы қатысты.

Жарысқа Халықаралық дәрежедегі төреші – Фотина Елена Вадимовна төрешілік жасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға