Жаңалықтар

Кәріс театры жаңа маусымды Солтүстік пен Оңтүстік Кореяларды біріктіруге арналған спектакльмен ашты

Кәріс театры жаңа маусымды Солтүстік пен Оңтүстік Кореяларды біріктіруге арналған спектакльмен ашты
10.10.2019 17:35 2319

Алматыдағы Мемлекеттік республикалық академиялық кәріс музыкалық комедия театрында Хан Динның «Не стоит раскачивать дерево» пьесасы бойынша «Дерево» қойылымының премьерасымен 88-ші театр маусымының ашылуы өтті.

Кәріс театры жаңа маусымды Солтүстік пен Оңтүстік Кореяларды біріктіруге арналған спектакльмен ашты

Дәстүр бойынша салтанатты ашылу алдында театрдың жетекші әртісі Наталья Лиге жастар сыйлығы, «Ким Дин» атындағы жыл сайынғы театр сыйлығы театрдың балет труппасының солисі Анна Цойға табысталды.

Кәріс театры жаңа маусымды Солтүстік пен Оңтүстік Кореяларды біріктіруге арналған спектакльмен ашты

Хан Динның «Не стоит раскачивать дерево» қойылымы - Солтүстік және Оңтүстік Кореяны біріктіру туралы мәселе қайтадан көтерілетін психологиялық драма. Қойылымда екі ел арасындағы шекарада, 38-ші параллельде осы елдерден келген екі кәріс қатты тасқын кезінде кездейсоқ кездеседі. Бір-біріне өлім қаупін болдырмауға көмектесіп, олар саяси қарама-қайшылықтар анықталатын үлкен ағашқа шығады. Жанжалдан кейін бітімге қол жеткізіп, достық қарым-қатынас дамиды, оған олар құтқарған қыз көмектеседі. Пьеса авторының басты ойы - адамдар қалаған кезде бірігуі мүмкін.

Кәріс театры жаңа маусымды Солтүстік пен Оңтүстік Кореяларды біріктіруге арналған спектакльмен ашты

Спектакльдің режиссері - Галина Пьянова, суретші - Антон Болкунов, композитор – Георгий Юн.

Айта кету керек, Мемлекеттік республикалық академиялық кәріс музыкалық комедия театры 1932 жылы құрылған (Ресейдің Қиыр Шығысында, 1937 жылы жер аудару нәтижесінде Қызылорда қаласына тасымалданды). Бұл Корей түбегінен тыс жерде орналасқан әлемдегі жалғыз мемлекеттік кәріс театры саналады.

Кәріс театры жаңа маусымды Солтүстік пен Оңтүстік Кореяларды біріктіруге арналған спектакльмен ашты

Театр жұмыс істеген жылдары 250-ден астам қойылымдар мен концерттік бағдарламалар ұсынылды, оларды 5 млн астам көрермен тамашалады. 1982 жылы театр кеңестік театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет орденімен», 2002 жылы ҚР Президентінің алғысымен, 2005 жылы Корея Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстанның біртұтас этномәдени саясатына сәйкес дамып келе жатқан кәріс театры ұлттық талғамды, өзіндік ерекшелік пен тілді сақтап, көп ұлтты ортада тұратын кәрістердің мәдениетін байытуды мақсат тұтқан.

Кәріс театры жаңа маусымды Солтүстік пен Оңтүстік Кореяларды біріктіруге арналған спектакльмен ашты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға