Жаңалықтар

Көптен күткен iphone 7 көрсетілімі өтті

Apple компаниясы
08.09.2016 09:02 5921

Apple компаниясының басшысы Тим Кук Сан-Францискода өткен көрсетілімде су жаңа iphone 7-ні көпшілікке таныстырды.

 Көптен күткен iphone 7 көрсетілімі өтті

Смартфон iphone 7 Plus деген түрі екі камерамен жабдықталған.  Құны — $649 АҚШ долларынан басталады. Компанияның жоспары бойынша көпшіліктің көңілінен шыққан iphone сатылымға 16 қыркүйектен бастап шығады.

Қызық дерек: Түрлі бренд өнімдердің люкс нұсқасын жасаумен айналысатын «Brikk» компаниясы жақында дүние жүзіндегі ең қымбат смартфондарды сатылымға шығармақ. iPhone 7 смартфонын түрлі асыл тастармен безендіретін компания оның бағасын алдын ала 1,3 миллион долларға бағалап отыр. Смартфон қымбат металдармен қапталып, гауһар тастармен әрленеді. Зергерлер оған 24 карат сары алтын, 1 карат қызғылт алтын, 950 сынама­лы платина, сондай-ақ ірілі-ұсақты 60 караттық гауһар тастарды пайдаланбақ.   

Сонымен жаңа iphone 7 несімен ерекше? Теңге бағамына шаққанда кемі 250 мың тұратын смартфонның қандай артықшылықтары бар?

iPhone 7 смартфонының  басты ерекшелігі – қосымша бағдарламаларының мүмкіндігі жоғары екендігінде. Сонымен қатар iPhone 7 смартфонының корпусы жұқа болып жасалмақ. Бұған дейін атап өткеніміздей телефондағы қуат көзі де жұқа болады. Өнім 10 ядролы A10 процессорымен жабдықталады деп күтілуде. iPhone 7 смартфонының үш түрлі нұсқасы шығарылады. Айта кетсек, 4,7 дюймді iPhone 7, 5,5 дюймді iPhone 7 Plus және 4 дюймді iPhone 7c ресми таныстырылуы мүмкін. Соңғы модельдің экраны кішкене, техникалық мүмкіндігі төмен (A9 процессор, 3D Touch функциясымен қамтылмайды) болғандықтан, бағасы да арзан болады деп күтілуде.

 Көптен күткен iphone 7 көрсетілімі өтті

iPhone 7 нұсқасы 256 ГБ көлемге ие яғни SanDisk пен Toshiba компаниялары дайындайтын қосалқы жадының арқасында жаңа смартфон жадысының сыйымдылығы артып отыр. Тағы бірі артықшылығы – смартфон функцияларының жылдамдығы өсетіндігінде әрі сенсордың сезімталдығы артады.24 карат сары алтын, 1 карат қызғылт алтын, 950 сынама­лы платина, сондай-ақ ірілі-ұсақты 60 караттық гауһар тастарды пайдаланбақ.  

iPhone 7-нің тағы бір ерекшелігі – сымсыз қуаттандырғышы болатынында. Apple өз бәсекелестерін қуып жету үшін телефонды сымсыз қуат көзімен қуаттандыратын құрылғы жасауда.

iPhone 7 – ұзаққа шыдамды, өнімді жұмыс. Жаңа құрылығының қуат көзі 12 сағатқа жететіндей етіп жетілдірілмек.

iPhone 7 – мобильді құрылғысының камерасы 8 мегапиксель,  FaceTime деп аталады.

iPhone 7 – су өткізбейтін қасиетке ие болады.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға