Жаңалықтар

КƏПЕРАТСІЙЕ (КООПЕРАЦИЯ)

Коператсійенің шаруаға қандай пайдасы бар жана жастар қалай араласу керек? Əуелі бір азғантай кəператсійенің тариқи жайын айтып өтейін.
27.08.2014 21:03 3119

КƏПЕРАТСІЙЕ (КООПЕРАЦИЯ) 

Коператсійенің шаруаға қандай пайдасы бар жана жастар қалай араласу керек? Əуелі бір азғантай кəператсійенің тариқи жайын айтып өтейін.

Əрбір қалықты алып қарасақ, кəператсиенің өсу себебі шаруашылықтың күйзелу түріне қарай болған. Мəселен: Ангілиеде үлкен, жуан жұдырық байлар жұмыскерлерге үнемі еңбекақы бермей тарылтқан. Мұқтаждық көбейіп, жұмыскерлер ашыққан. Керек заттарын əрқайсысы барып алып келуге күші жетпеген. Соның үшін Оуен деген бір білімді адамы Ангілиеде 1854 жылы кедей, жалшы жəне жұмыскерлер арасында потребител дүкенін ашқан. Бұл дүкен жер жүзінде бірінші дүкен деп аталған. Себебі мұнан бұрын еш жерде потребител дүкені ашылған емес. Керек заттары болса, қолы жететін жұмыскерлер жана жалшылар осы ортасында ашылған өздерінің дүкендерінен орта арзан бағамен сатып алып тұрған. Əуелі Ротшел деген қалада ашылу себепті «Ротшел потребител дүкені» деп аталған. Кейінге кəператсийе жолын салғаносы: Оуен болған үшін бұл кісіні потребкəператсиенің əкесі деп атайды. Ангілиеден бөтен мемлекетке кəператсийе тарай бастаған, 1864 жылы біздің Ресейде Киноуский зауытында (Орал) жұмыскерлер арасында бірінші потребител дүкені ашылған. Мұны ашқан жұмыскерлер бастығы Шернышевский деген кісі болған. Киноуский зауытынан Ресейдің бөтен жағына жайылып көбейе бастаған.

1897 жылы Ресейде 18 потребител кəператіп арасынан ұйым (сойуыз) ашуға қаулы істеген жиылыс Мəскеуде болып, орны да жаңа сонда тағайындалған. 1898 жылы 16 ийуіндегі жарлық бойынша сойыузқабылданып, сонан потребител дүкендерінің кіндік сойуызы осы күнге шейін Мəскеуде болып келе жатыр. Мұны «жалпыресейлік сентрсойуыз» деп атайды.

Сонымен əр жерде ашылған дүкендер саны көбейіп, 1904 жылға шейін сойыузға қосылған кəператіп 144-ке жеткен, 71.937 мүшесі жана істеген саудасы 350 мың теңге болған.

1905 жылы Ресей тоңкерісі мен жапон соғысы 1906 жылы кəператсійе санын азайтады. 1907 жылдан бастап, алға жүре бастап, 1914 жылы сойыузге кірген кəператіп саны 154-ке жетеді. Жергілікті калық дүкенін алсақ, саны 3012 болады. Барлық мүшелері 700 мыңнан асады. Белгілі əлеумет соғысы уақытында тсентрсойыуз жаңа жергілікті кəпертіптердің жұмысы ілгері баса алмайды. Себебі əуелі шаруашылық күйзеліп, екінші, кəператсийе жұмысын істеп жүрген мамандарымыз бөтен жұмысқа араласып, шаруашылыққа қарауға мүмкін болмады, бұлар мемлекет жұмысына жасырын кірісе бастады.

Сонымен 1917 жылы ескі өкімет түсіп, мемлекет кедей жана жұмыскер қолына тиеді. Бұл төңкеріс қалыққа оңай тиген жоқ.

Шаруа күйзеліп басын көтере алмастай, елге қиыншылық кіреді. Бұл түрде шаруашылық ұйымын ашу қиын болды. Сонда да кеңес өкіметі барлық қиыншылыққа қарамай, соғыс біткен соң шаруаны оңдауға кіріседі. Жұмыскерлердің жана кедейлердің тұрмысын жөндеуде болып, кеңес мемлекеті 1919 жылы (мартта) жаңа декірет бойынша кəператсійе жұмысын тағы ілгері жүргізеді. Бұл декрет бойынша кəператіп дүкенінде бар нəрсені халыққа текке үлестірмекші болады. Соңынан шыққан  1921  жылғы  (7  апірелде)  декірет  мұны  өзгертіп, жаңадан іске кіріседі. Бұл декрет бойынша текке нəрсе берілуін тоқтатып, барлық затты сататын жана сатып алатын болады. Бұл қалыпта сауда жүре бастап, іс ілгеріледі.

Əуелі «кəператіп не нəрсе?» деп сұраушылар болар.Бұған кəператіп қалық ұйымы деп жауап беруге болады. Не үшін десеңіздер, кəператіп жалғыз бір адамның жүргізіп тұрған нəрсесі емес, кəператіп қалық арасындағы жарлы-жақыбайдың жана жұмыскерлердің мұқтажын тауып беріп тұратын ұйым дейміз.

Кəператіп əр түрлі болады. Бұл жерде жалғыз потребител дүкенін ғана алып отырмыз; соның үшін бұл ұйымды ортақ қалық дүкені деп атайды. Осы күні біздің қазақ тұрмысын алып қарасақ, бұрынғы мал кетіп, көшпелі тұрмыстан отырықшы қалыпқа түсіп келеді. Бұлай болған күнде кəсіп түрі өзгерілмекші. Сондықтан ең əуелі кедей арасына потребител дүкенін ашу керек.

Бұл потребител дүкенінің жұмысын алсақ, мұның міндеті – алыпсатарлармен күресу. Біздің қазақта жүн-жұрқа, астық, мал жаңа заттар бар, бұларды сату керек. Алыпсатарларға сатса, арзан баға беріп, шаруаның ақысын өздеріне қаратып, жеп қалады, бұл – бір. Екінші, əрбір шаруаның жайын алсақ, азғантай заты үшін матаның арзан жеріне барып ала алмайды. Шаруаның алыпсатарларға жем болатыны осы. Ал, егерде 20-30 үйдің арасында дүкені болып, бар затын дүкенге беріп, өздеріне киім-кешек жаңа бөтен шаруашылыққа мұқтаж нəрсесін дүкен арқылы алдырып тұрса, əуелі шаруа қолындағы зат тиісті жо- лына сатылып, өздеріне керек нəрсе арзан орта бағамен алынады. Екінші, алыпсатардың құлқынына түсетін пайда өздерінде қалады. Бұлай болған күнде шаруа ілгері жүреді.

(Қойайдарұлы)

А.Байтұрсынұлы / "Ел - шежіре"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға